Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Осы аптада еліміздің орталық және жергілікті атқрушы органдарында айтарлықтай кадрлық ауыс-түйіс орын ала қойған жоқ. Дегенмен, Павлодар облысының әкімі өзінің орынбасарын тағайындаса, Алматы облысында екі әскери гарнизонның жаңа прокурорлары қызметтеріне кірісті. ҚазАқпарат апта ішінде орын алған осы және өзге де тағайындауларға шолу жасайды.

Сонымен Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың бұйрығымен, ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен өңір басшысының орынбасары болып Николай Дычко тағайындалды. Осыған дейін ол облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарған. Дычко Николай Васильевич басқару жұмысында тәжірибесі мол. Еңбек жолын «Екібастұзкөмір» мекемесінде бастаған. Әр жылдары «Богатырь» кенішінде бас энергетик, «Монтажно-наладочный управления» ЖШС директоры, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болған. Ендігі уақытта облыс әкімінің жаңа орынбасары өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму мәселелеріне жауап бермек.

Ал осыған дейін Павлодар облыс әкімінің орынбасары болған Арын Орсариев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік униерситеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры лауазымына тағайындалды.

1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген А.Орсариев Әд-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Сарбона университетін бітірген. Саясаттану ғылымының докторы. Қазақ, орыс, француз, ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Еліміздің сыртқы істер министрлігінде, ҚР Президенті әкімшілігінде жұмыс істеген. Астана қалалық ішкі саясат департаментін басқарып, Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалған. ҚР Президенті жнындағы Мемлекеттік басқару академиясына басшылық жасаған. 2012 жылдан жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары болған.

ҚР Бас прокурорының бұйрықтарымен әділет полковнигі Дәулетбай Лесбекұлы Темірбеков Сарыөзек гарнизонының әскери прокуроры қызметінен босатылып, Қапшағай гарнизонының әскери прокуроры болып тағайындалды. Ал Сарыөзек гарнизонының әскери прокурорлығына алдында Бас әскери прокуратураның Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысы заңдылығына қадағалау басқармасының бөлім бастығы қызметін атқарған әділет подполковнигі Айдар Куанышбекұлы Сламбеков кірісті.

БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайыновтың бұйрығымен Қадырболат Қабдырұлы Мұсағалиев Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның директоры болып тағайындалды. 2002 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін музыка және ән мамандығы бойынша бітірген Қ.Мұсағалиев өңірдің мәдениет орындарында еңбек етті. Соның ішінде облыстық филармония режиссері, директордың орынбасары болды. 2011-2012 жылдары «Бейбітшілік және келісім сарайы» МКҚК-ның ұйымдастыру-шығармашылық бөлімінің жетекшісі, одан кейін осы мекеме бас директорының шығармашылық және мұражай-көркемдік жұмыстары бойынша орынбасары, 2013-2014 жылдары Астана қаласы әкімдігі «Астана сазы» МКҚК ұйымдастыру-шығармашылық бөлімінің шараларды ұйымдастыру бойынша менеджері, 2014-2015 жылдары Астана қаласы әкімдігі «Кинобейне жалға беру дирекциясы» ЖШС-нің директоры қызметтерін атқарды.

ҚазАқпарат

today.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста