«Қазақстандағы цирк өнерінің бастаулары мен дамуы» атты ғылыми монографияның тұсауы кесілді

Биыл Қазақ Мемлекеттік циркіне – 50 жыл. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақ мемлекеттік циркінің директоры, Мәдениет қайраткері, мәдениеттанушы, театртанушы-сыншы Бокебаев Бақыт Әбдіғалиұлының «Қазақстандағы цирк өнерінің бастаулары мен дамуы» атты ғылыми монографияның тұсаукесер рәсімі өтті.

Ұлттық цирк өнерінің түп бастаулары мен даму тарихы туралы сыр шертетін зерттеу еңбек қазақ тілінде тұңғыш рет жарық көріп отыр.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Бокебаев Бақыт Әбдіғалиұлына «Үш арыс» кітап-альбомын сыйға тартты.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Қазақстандағы цирк өнерінің бастаулары мен дамуы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

⠀Қазақ циркінің тарихы мен мәдени өмірі бірде-бір гуманитарлық ғылым саласында әлі күнге дейін жүйелі әрі ғылыми негізде зерттелмей келеді. Қазақстанның мәдени жетістіктерінде цирк өнерінің үлесі орасан зор.

«Т. Жүргенов атындағы ғылыми кеңестің қолдауымен ұсынысымен осы кітап жарық көрді. Бұл арнайы оқулық және тарихи тұлғалары туралы, цирктік өнер, династиялық өнер туралы кітап – деді Қазақ Мемлекеттік циркінің директоры Нұрбақыт БОКЕБАЕВ.

 

Монография авторы Н.Бокебаев 17 мүшеден тұратын халықаралық цирк қауымдастығының қазылар алқасының Орталық Азия бойынша бірден бір өкілі, бұл автордың ғана емес, Қазақстан циркінің әлемдік цирк саласында абырой-беделінің жоғары екенін көрсетеді.
Іс-шараға Қазақстанның халық артистері, зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері, ЖОО ұстаздары, студенттер, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты. Олардың бәрі де бүгінгі жасалып жатқан игі шара бекзат өнерге деген жанашырлықтың жарқын үлгісі деген пікір білдірді.

Қазақ циркінің алға қойған жоспарлары көп. Бұған дейін халықаралық дәрежедегі фестивальдерден жүлделі оралып жүрген ұжым алдағы күндері Монте-Карло қаласына барады. Айта кетейік, әзірге кітап 500 данамен жарық көрді. Көпшілік көрермен үшін кітаптың электронды нұсқасы да қарастырылған. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста