Қазақстанда жоғалған қыз Қырғызстаннан бір-ақ шықты

Қазақстанда жоғалған қыз Қырғызстаннан бір-ақ шықты

Бір жарым айдан астам уақыт бұрын Алматыда жоғалып кеткен бес жасар қыз кеше көршілес Қырғыз Республикасы аумағынан табылды. Қазіргі уақытта оны ұрлаған қылмыскерді Қазақстанға экстрадициялау үшін құжаттар әзірленіп жатыр. Бұл туралы кеше Алматы қалалық ІІД бастығы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, өткен қыркүйек айының 30-ында Алматыдан ұрланған Толғанай Мұхамеджанова сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Бішкек қаласында жүргізілген жедел +іздестіру шарасы барысында табылған. «Бүлдіршін өзін ұрлап кеткен 20 жастағы қырғызстандық азаматшаның үйінен табылды. Ол аман-есен, қазір ата-анасының жанында», – дейді Е.Тұрғымбаев.

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, Алматы қалалық ІІД бастығы:
– Баланың жоғалуына оны дүкенге ертіп шығып, сол беті қайтып оралмаған көршілес азаматша басында-ақ күдік тудырған еді. Аталған тұлғаның қырғызстандық екені және оның осында жезөкшелікпен айналысатыны белгілі болған. Алайда Алматыдағы жезөкшелер жұмыс істейтін барлық нүктелер жіті тексерілгенімен, ол ешқандай нәтиже бермеген болатын. Сол себепті қазақстандық полицейлер Бішкекке іссапарға жіберіліп, жергілікті әріптестерінің көмегімен ұрыны қолға түсірді.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста