Қазақстанда жекеменшік балабақшалардың тең жартысы жабылуы мүмкін

Қазақстанда жекеменшік балабақшалардың тең жартысы жабылуы мүмкін

Қазақстандағы жекеменшік балабақшаларға пандемия кері әсерін тигізді. Қазіргі таңда әлеуметтік бизнестің жағдайы мәз емес. Бұл аздай мемлекеттен бөлінетін қаражат 36 процентке қысқартылмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "24-Хабар" арнасына сілтеме жасап.

Еліміздеғы балабақшалардың тең жартысы жекеменшік. Олардың саны 4 мыңнан асқан. Пандемия кезінде үкіметке мұндай тәрбие ошақтарын толыққанды қаржыландыру міндеттелген. Бір қазір дотацияның 36 процентке қысқаратыны белгілі болды.


"Бүкіл өңірлерде қысқарту туралы шешім қабылданған. Бір-екі өңірде тек келіп жатқан балаларға ғана ақша төленіп жатыр. Сол себепті мемлекеттік балабақшалардың қаржыландырылуы қысқартылмаған. Ол мемлекеттік мекеменің де балалары толық келіп жүрген жоқ. Неге онда бізді бөліп жатыр?" - дейді жеке балабақшалар құрылтайшысы Фархат Маденов.

"Педагог мәртебесі" заңын толық орындау мүмкін болмай тұр. Өйткені заңда карантин кезінде мемлекеттік қаржыландыруды жүргізу тәртібі көрсетілмепті. Жалақыны өсіру былай тұрсын, тәрбиешілерге 6 күндік еңбек демалысын беріп, ем-дом шараларына жәрдемақы төлеу кәсіпкерлерге қол емес. Олардың қаржылық қажеттіліктерін теу үшін балабақшаға түсетін қаражатты арттыру керек. Дегенмен, барлық ата-аналар балаларын балабақшаға әкеле қоймаған. Мемлекет тарапынан да көмек жоқ.

"Балалар үйде отырса да балабақшалар жұмысын тоқтатпайды. Барлық топтарды 50 процентке толтырып, жұмыс істеуге тырысып жатырмыз. Тәрбиешілерімізді үйде отырғызып қоя алмаймыз. Мамандарымыздан айырылғымыз келмейді. Олар үйдегі балалармен қашықтан жұмыс істеп жатыр. Ата-аналар баласының қауіпсіздігіне алаңдайды. Сондықтан санитарлық құралдарды толық алып қойдық. Ол да бізге кәдімгідей салмақ болды. Біз бәсекелестік орта болғандықтан, балалардың санын азайтпауға мүдделіміз. Шамамыз келгенше бұған жағдай жасап отырмыз", - дейді Қазақстнның үздіксіз білім беру қауымдастығының төрайымы Лейла Күленова.

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілі елімізде жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесі бекітілмегенін айтады. Оған кейбір әкімдіктердің келісім бермеуі кедергі. Ал карантиннен кейін жеке бақшалардың 25 проценті қатарға қосылмаған. Оның дені тек ата-ана төлеген ақымен жұмыс істеп келгендер.

"Наурыз айынан бері жеке балабақшаның көбі жұмыс істемеді. Бірақ мемлекеттік қаржыландыру сақталды деген желеумен оларға 42500 теңге төленген жоқ. Иә, мемлекеттік қаржыландыру көктемде ғана тұрақты төленіп тұрды. Алайда қазір кей әкімдіктер бұл ақшаның қайда жұмсалғаны жайлы есеп сұрай бастаған. Ақшаның қайтарылуын талап еткендері де бар. Бұлай жалғаса берсе, жеке балабақшалардың жартысы жабылуы мүмкін", - дейді "Атамекен" ҰКП департамент басшысы Азамат Бейсенбинов.

Әбден қажыған кәсіпкерлер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы заңға өзгеріс енгізуді сұрайды. Қазір 500 мың баланың балабақша кезегінде тұрғаны белгілі. Ахуал реттелмесе, бұл сан еселеп артуы әбден мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста