Қазақстанда зейнет жасына жақындағандарды жұмысқа қабылдағандарға субсидия төленеді
Қазақстанда бұдан былай зейнет жасына жақындағандарды жұмысқа қабылдаған мекемелерге субсидия төленеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
"Күміс жас" республикалық жобасы іске қосылмақ. Бағдарламаны Қарағанды облысы бастайды. Биылға жоспар – 534 адам.
Аға буын өкілдеріне жұмысқа қайта орналасу өте қиын. Жаңа жоба осындай санаттағы адамдарға зейнетке шыққанға дейін тұрақты жұмыс табуға көмектеседі. Оларды қабылдауға ниет білдірген жұмыс берушінің жалақысы субсидияланады. Ай сайын мемлекет тарапынан 30 АЕК көлемінде ақша төленеді. Бұл – 91 890 теңге.
Жұмыс іздеуші ретінде тіркелу үшін жұмыспен қамту орталықтарына немесе "Еnbek" электрондық еңбек биржасына жүгіну қажет.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу