Қазақстанда Ұлттық киім күнін белгілеу ұсынылды

Қазақстанда Ұлттық киім күнін белгілеу ұсынылды

Қазақстанда Ұлттық киім күнін белгілеу ұсынылды. Бұл идея туралы тарихшы, жазушы, Ұлы дала мәдениетінің насихаттаушысы Арман Нұрмұханбетов Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.

Ол еріктілер тобымен бірге әлеуметтік желілерде өз идеясын насиаттайтын топтар ашты. Нұрмұханбетов бұл күні қазақтың дәстүрлі киімін немесе оның заманауи үлгілерін киюді ұсынып отыр. Еріктілер мұның өте әдемі болатынына және патриоттық сезімді оятатынына сенімді. Сонымен қатар, идея авторы бұл бастама отандық жеңіл өнеркәсіп пен туризмнің дамуына үлес қосылатынын айтады.

"Ұлы дала стилі бүкіл әлемнің сәніне айтарлықтай әсер етті", - дейді Арман Нұрмұханбетов, - Біздің ата-бабаларымыз шалбар мен биік өкшелі аяқ киімді, бүгінді сәнді бофорттар мен етіктерді ойлап тауып, таратқан. Сақ жыртқышының стилі, кафтандар, бешпенттер (сүртік) - мұның барлығы бір кездерде ең сәнді әрі беделді болған, оны Қытайдан Францияға дейінгі халықтар киді. Ата-бабаларымыз сәнді деп тауып, мақтанышпен киген киімді біз неге киюге ұяламыз? Біз қазақстандықтарға "Бұл мерекені қай күні өткізген жөн?" сұрақ қойдық, мұндай әсердің болатынын өзіміз де күтпедік", - деді ол.

Еріктілер ата-бабамыздың киімін сәнге айналдыруды қолдан келетін іс екенін айтады. Ол үшін ең болмағанда жылдың бір күнінде ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдар бойы киіп келген киімін кию керек. "Бүкіл ел бір күнде сәукеле мен шапан немесе оның заманауи түріндегі нұсқаларын (қазақша оюлары бар), бұл керемет көрініс болмақ, бұдан біздің елді шетелде сыйлайтын болады, одан кейін шетел туристері ағылып келе бастайды. Мұнымен қатар, жеке шеберлерге ерекше киім тіктіруге тапсырыстар түседі, жалпы жеңіл өнеркәсіп дамиды. Мұның барлығы да Қазақстан экономикасына жақсы әсер етеді", - деді ол.

Нұрмұханбетовтың айтуынша, Қазақтың ұлттық киімінің күнін жұмыс күніне белгілеу керек - мәселен, сәуірге, мамырға немесе қыркүйекке. "Біз қазақстандықтарға ата-бабаларымыздың киімін сәуірдің, мамырдың немесе қыркүйектің соңғы жұмасында киюді ұсынамыз. Халық қалай шешсе, солай болады. Сән мен ұлылықтың жалпыхалықтық мерекесінің болатынына сенімдіміз", - деді Нұрмұханбетов.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста