Қазақстанда соңғы бір апта ішінде жеміс-көкөніс бағасы аздап қымбаттаған

Қазақстанда соңғы бір апта ішінде жеміс-көкөніс бағасы аздап қымбаттаған

«Қазагромаркетинг» АҚ-ның ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2015 жылдың 31 наурызы - 7 сәуірі аралығында бөлшек сауда бағаларының біршама өзгергенін анықтады.
Атап айтқанда, компания мәліметтері бойынша аталған мерзім ішінде бакалея, сүт және ет өнімдері бағасының айтарлықтай өзгерісі (10 пайыздан артық) байқалмады. Ал жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасы мынадай өзгерістерге ұшырады:
- Шымкентте қияр 13%-ға келісіне 353-тен 400 теңгеге дейін қымбаттады. Баға өсіміне өнімнің Өзбекстаннан әкеліну көлемінің азаюы мен көтерме сауда бағаларының 35 пайызға қымбаттауы себеп болды. Ал Ақтөбе қаласында қияр керісінше 10 пайызға келісіне 510 теңгеден 457 теңгеге дейін арзандаған. Бағаның төмендеуіне өнімді жеткізу көлемінің артуы мен көтерме сауда бағасының 5 пайызға түсуі себеп болған. Атырау қаласында орамжапырақ 10 пайызға, яғни келісіне 100-ден 90 теңгеге дейін арзандады. Оған өнімді жеткізу көлемінің артуы мен көтерме сауда бағасының 8 пайызға дейін арзандауы әсер еткен.
Бұдан бөлек, Астанада мандариндер 14 пайызға, келісіне 400 теңгеден 457 теңгеге дейін қымбаттап отыр. Баға өсіміне сатылымда арзанырақ Пәкістаннан әкелінетін өнімнің азаюы мен көтерме сауда бағасының 235 теңгедн 293 теңгеге дейін көтерілуі себеп болған. Қарағандыда лимон 10 пайызға арзандап, келісі 452 теңгеге арзандаған. Бағаның төмендеуіне өнімге деген тұтынушылық сұраныстың азаюы мен саудагерлердің үстеме бағаны азайтуы себеп болды. «Балық өнімдері бағасы мынадай өзгерістерге ұшырады: Шымкентте мөңке 11 пайызға немесе келісіне 300 теңгеге дейін қымбаттап отыр. Бұған көтерме сауда бағасының көтерілуі мен балық аулауға тыйым салынатын кезеңнің басталуы себеп болған. Ал Өскеменде шортан 20 пайызға қымбаттап, келісі 300 теңгеден сатыла бастады. Баға өсіміне өнімді жеткізу көлемінің азаюы мен сатылымда тауардың азаюы себеп болып отыр», делінген баспасөз баянында. Еске сала кетейік, «Қазагромаркетинг» АҚ апта сайын әр сейсенбі күні азық-түліктің 66 түрі бойынша еліміздің барлық облыстарында және Астана, Алматы қалаларында баға мониторингін жүргізеді.

baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста