Қазақстанда сайлаушылардың жартысы дауыс берді
Қазіргі кезде Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауына сайлаушылардың жартысы дауыс беріп кетті, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы.
Орталық сайлау комиссиясының жариялаған мәліметтеріне сәйкес, бүгін сағат 12:00-ге дейін сайлаушылардың 41,69 пайызы өз дауыстарын беріп, таңдауларын жасаған. Атап айтқанда, аймақтар бойынша дауыс берген азаматтардың пайыздық көрсеткіші келесідей болды: Ақмола облысы – 51,01 пайыз, Ақтөбе облысы – 36,11 пайыз, Алматы облысы – 60,68 пайыз, Атырау облысы – 47,54 пайыз, Шығыс Қазақстан облысы – 48,24 пайыз, Жамбыл облысы – 49,91 пайыз, Батыс Қазақстан облысы – 40,66 пайыз, Қарағанды облысы – 43,35 пайыз, Қызылорда облысы – 45,56 пайыз, Қостанай облысы – 56,57 пайыз, Маңғыстау облысы – 34,12 пайыз, Павлодар облысы – 42,63 пайыз, Солтүстік Қазақстан облысы – 50,11 пайыз, Оңтүстік Қазақстан облысы – 32,62 пайыз. Ал еліміздің екі бас қаласында сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші әлі 30 пайызға жетпеген. Нақтырақ айтқанда, Астанада дауыс бергендер 25,46 пайыз болса, Алматыда 17,25 пайыз болған.
Айта кетейік, биылғы кезектен тыс президенттік сайлау аясында 9741 дауыс беру учаскесі ашылған. Оған 9,5 миллион қазақстандық барып, өз қалауын жасайды деген болжам бар.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу