Қазақстанда бір айда қанша саяси қуғын-сүргін құрбаны ақталғаны белгілі болды

Қазақстанда бір айда қанша саяси қуғын-сүргін құрбаны ақталғаны белгілі болды

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның және өңірлік комиссиялардың ағымдағы жұмысы туралы өткен олайн брифингте бір айдың ішінде қанша адам ақталғаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президенттің арнайы жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрғаны белгілі. Мемлекеттік комиссия елімізге белгілі тарихшы ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің, парламент депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдерінен 49 адамнан тұрады. Осы комиссияның жұмысына қатысты Ералы Тоғжанов айтып берді. 

 "Мемлекеттік комиссия қызметін қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстанда ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін және ақтау процесі: бірыңғай деректер базасын қалыптастыру" тақырыбында арнайы ғылыми бағдарлама әзірленді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмыстардың барлығы осы бағдарлама аясында жүргізілетін болады. Бағдарламаны қаржыландыру ғылыми зерттеулерді нысаналы қаржыландыру аясында жүргізіледі. Аталған бағдарлама келесі аптада Жоғарғы ғылыми-техникалық кеңес отырысында қаралады. Кеңес қорытындысы бойнша бағдарламаны қаржыландыру бойынша шешім қабылданады", - дейді премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Оған қоса Тоғжанов соңғы бір айда табылған адамдар туралы деректермен бөлісті. 

"Бүгінгі күні ұлттық архивтерімізде жиырмадан аса сотталған азаматтардың тізімі пайда болды. Бұл комиссиның алғашқы нәтижелері. Оларды әлі талдау керек, зерттеп, дәлелдеу керек", - дейді Тоғжанов. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста