Қазақстан Президенті терроризм мен дінді қатар қоймауға шақырды

Қазақстан терроризм мен экстремизмнің кез келген көрінісін айыптайды, бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шетел елшілерінің алдында сөз сөйлеген кезінде айтты. Бірақ ол террорлық әрекеттерді бейбітшіл исламға телімеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2015 жыл қауіпті сындар мен жаһандық ауқымдағы қатерлердің өсуімен басталды. Париждегі террорлық әрекеттер қазіргі заман қоғамының халықаралық терроризмнің алдында осал екенін көрсетті. Бүгінде терроризмнің жаһандық мәселеге айналғаны ешкімнің күмәнін туғызбайды және онымен бүкіл әлем болып күрескен жөн. Қазақстан терроризм мен экстремизмнің кез келген көрінісін табанды түрде айыптайды және бүкіл елдердің бұл зұлым күшке қарсы ғаламдық жұмысына атсалысады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Астанада шетел дипломатиялық корпусы өкілдерімен кездесуде.

Оның айтуынша, Қазақстан бұл қауіп-қатерге қарсы күресте халықаралық қоғамдастықпен өзара әрекет етуге күш салуға дайын. Бірақ ол терроризмді мұсылман дінімен байланыстырмау керектігін ескертті. "Радикализмге және терроризмге қарсы күреске күш салу дәстүрлі, бейбітшіл исламмен және басқа да діндермен байланыста қаралмауы керек. Мәдениетаралық, дінаралық диалог негізінде ғана біздің арамызға іріткі салатын идеологияларын таңатын экстремизмге қарсы тұруға болады", - деді Президент.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста