ҚАЗАҚСТАН, ГРУЗИЯ, АУҒАНСТАН ЖӘНЕ ТУНИС ЕЛДЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ БІТІМГЕРЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ ҮШІН АРНАЙЫ ДАЯРЛЫҚТАН ӨТТІ
«Көпұлтты операциялардағы қолданатын ағылшыны тілінің терминологиясы» тақырыбындағы халықаралық оқу курсы аяқталғаны туралы сертификаттарды беру салтанаты Құрлық әскерлері әскери институтының «Бейбітшілік үшін серіктестік» (ҚАЗЦЕНТ) атты оқу-жаттығу орталығында өтті. Қазақстан мен НАТО арасындағы серіктестік іс-қимылының жеке жоспарындағы тармақтарының орындалу аясында халықаралық гуманитарлық құқық бойынша ҚМЭБИ сарапшыларының қатысуымен ҚАЗЦЕНТ нұсқаушы-оқытушылар құрамы«Көпұлтты операцияларда қолданылатын ағылшын тілінің терминологиясы» атты жылдық курсын өткізді. Курстың мақсаты көпұлтты штабтар жұмысына орай БҰҰ қолдауымен бітімгерлік операциялар жүргізу кезінде тыңдаушыларды арнайы тілден курста даярлау болды. Қазақстан, Грузия, Ауғанстан және Тунис елдерінің әскери қызметшілері даярлықтан өтті. Аталған курс НАТО-мен сертификатталған, «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы аясында әскери қызметшілерді оқыту және даярлау жүйесі енгізілген Бұл курс – ҚАЗЦЕНТ-тің шетел аудиториясының қызығушылығын тудырып отырған жалғыз іс-шарасы емес. Атап айтсақ, өткен жылғы қарашада орталықтың қатысуымен «Орталық Азияда факторлар контексті мен өңірлік қауіпсіздіктің кешенді тәсілі» атты төртінші жылдық ғылыми-зерттеу конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға 75-тен аса жетекші сарапшылар, оның ішінде Қазақстан мен шетелдің практиктер мен теоретиктер, көш бастаушы ғылыми-зерттеу орталықтары мен оқу орындары, ішкі саяси және күштік ведомства өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың тәуелсіз талдаушылары мен қызметкерлері қатысты.