Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдердің қатары көбейеді

Осы аптада Қазақстан Сыртқы істер министрлігі саласында бірнеше маңызды іс-шара жоспарланып отыр. Осы орайда бұл ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікке қатысты атқарылатын жұмыстар жайында баяндап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

 

«2023 жылғы 23-24 қаңтарда Ташкент қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 26-шы отырысы өтеді. Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысады. Оның барысында Ұйымға мүше мемлекеттердің экономика, логистика, экология, туризм және басқа да салалардағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелері талқылануы жоспарланып отыр», - деді А. Смадияров бүгінші баспасөз мәслихатында.

 

Оның айтуынша, министрлер кеңесінің қорытындысы бойынша Ташкент коммюникесін және басқа да бірқатар құжаттар мен ЭЫҰ есептерін қабылдау ескерілген.

 

Сонымен қатар, 23-25 қаңтарда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Брюссель (Бельгия) және Страсбург (Франция) қалаларына сапары өтеді.

 

Брюссельге жұмыс сапары аясында Еуропа институттарының жоғары лауазымды өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер жоспарланған.

 

Бұдан бөлек, Страсбургте Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының қысқы сессиясы аясында Р.Василенконың Еуропа Кеңесі мен Еуропаның Парламенттік ассамблеясы басшылығымен кездесулері өтеді.

 

«Сапардың негізгі мақсаттарының қатарында Қазақстан-Еуропа қатынастарының барлық спектріне шолу жасау, өзекті өңірлік және халықаралық проблемалар бойынша пікір алмасу, сондай-ақ еуропалық әріптестерді еліміздегі саяси реформалардың іске асырылу барысы туралы, сайлау қорытындылары және 2023 жылғы 19 наурызға жоспарланған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау дайындығымен таныстыру қамтылған», - деді ресми өкіл.

 

Атап айтқанда, жақын арада Қазақстан мен Мажарстан бірқатар ведомствоаралық құжатқа қол қояды.

 

2023 жылғы 26-27 қаңтарда Будапешт қаласында (Мажарстан) Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Мажарстан үкіметаралық комиссиясының сегізінші отырысы өтеді. Комиссияның қазақстандық жағының тең төрағасы – ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, ал Мажарстаннан Қаржы министрі Михай Варга болады.

 

«Комиссия отырысында Қазақстан-Мажарстан Іскерлік кеңесінің отырысын өткізу, бірқатар ведомствоаралық құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Мажарстанның Мәдениет және инновациялар министрлігі арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында кадрларды даярлау әрі оқыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады», - деді А. Смадияров.

 

Оның сөзіне қарағанда, екі елдің өкілдері Stipendium Hungaricum мажар стипендиялық бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық мәселесін талқылайды. Осы бағдарлама аясында мажар тарапы 250 грант бөледі (110 – бакалавриат, 90 – магистратура, 30 – бакалавриат + магистратура және 20 – докторантура гранты).

 

Айта кетейік, 2023 жылғы 19-20 қаңтарда Брюссель қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің және Еуропа одағының Ауғанстан бойынша арнайы өкілдерінің үшінші отырысы өтті. Оған қатысқандар өңірлік қауіпсіздік сын-қатерлеріне шолу жасау және ауған халқына үздіксіз көмек көрсету бойынша елдердің ынтымақтастығын талқылады.

 

Осы орайда А. Смадияров Ауғанстандағы тұрақты бейбітшілік пен орнықты дамуға жан-жақты қолдау көрсетуге қатысты уағдаластық болғанын айтты. Сонымен қатар, жиын барысында Ауғанстандағы әйелдер мен қыз балалардың құқықтарын қорғау жағдайының нашарлауына байланысты мәселе көтерілген.

 

«Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев бастап барды. Отырыста сөйлеген сөзінде ол Қазақстанның ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету бойынша алған ұлттық міндеттемелерін толық жүзеге асыратынын хабарлады. Бұл тұрғыда қазақстандық аграрлық кәсіпорындардың БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасымен өзара іс-қимылы атап өтілді. Мәселен, осы іспеттес ынтымақтастық аясында 2022 жылдың бірінші жартысында Ауғанстанға 456 мың тонна қазақстандық ұн жеткізілген», - деді ресми өкіл.

 

«Отандық жоғары оқу орындарының Еуропа одағы қаржыландыратын және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы іске асыратын Қазақстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда ауған студенттеріне арналған білім беру бағдарламасына белсенді қатысуын жалғастыратыны расталды. Іс-шара қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданды», - деді А. Смадияров.

 

Бүгін аталған ведомствода өткен баспасөз мәслихатында елімізде Ауғанстан әйелдерінің оқуына квота бөлу мәселесі туралы сұрақ қойылды.

 

«Еуропа Одағының көмегімен Қазақстанда бірнеше жүз ауғанның қыз-келіншектері оқу оқып жатқан болатын. Енді белгілі жағдайлардан кейін, ол бағдарлама уақытша тоқтап қалды. Қазір сол бағдарламаны қайта бастауға әрекет жасалып жатыр», - деді ресми өкіл.

 

Осы орайда ол қанша қыз-келіншек оқитынын, қанша грант қайда бөлінетінін кейін хабарлайтынын айтты.

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста