Жанат Түсіпбеков ҚР Ауыр атлетика федерациясының президенті болып қайта сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бастапқыда федерация президенттігіне екі үміткер – Илья Ильин мен Гаджи Гаджиев жарияланды. Алайда кандидаттардың бастамасымен және федерация мүшелерінің қолдауымен Жанат Түсіпбековке Федерацияны басқару ұсынылды.
Федерация мүшелері, 26 адам Жанат Түсіпбековтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Өз кезегінде Илья Ильин мен Гаджи Гаджиев Жанат Түсіпбековтің кандидатурасына қолдау білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, Жанат Рашидұлы 2013 жылдан 2022 жылға дейін аталған федерацияны басқарған. Оның басшылығымен біздің команда сегіз олимпиада медалін жеңіп алды (2016 жылы алты, 2020 жылы екі).