Қазақша махаббат: Сезім білдірудің жолдары
Ұнату - әлденеге, затқа я әрекетке құлшыныс болу, қызығу, елігу.
Жақсы көру – ұнатқан, ғашық болған адамыңызбен сөйлесіп, білісіп жан сарайына үңіліп, өзіңізбен сәйкес келетінін сезіну сезімі.
Ғашық болу - өзге адамға бағытталған өте күшті сезім. Ғашық болу ұнатудан жоғарырақ.
Сүю – жоғарыдағы сезімдердің соңғы сатысы. Мұнда тән, жан үйлесімдігі бір арнаға тоғысады. Адам адамды, жерді, отанын, елін, адамзатты сүюуі мүмкін. Сүю арқылы адам басқа адамға/объектілерге жауапты сезімі болмаған жағдайда да қамқор болатынын білдірсе керек.
Этнографтардың айтуынша, қазақ ерлері сезімдерін ашық білдіре бермеген, оның орнына әрекетпен махаббатын білдірген.
Сезімдерін мынадай әдемі тіркес пен әсем сөздермен жеткізген:
Айналайын, Жаным, Асылым, Жан-әлдиім;
Қымбатсың маған;
Сенен артық жан тумас (Абая);
Мені аңсатқан қыз, Көзің түпсіз терең тұңғыйықтан жаралған (М. Мақатаев);
Сен менің – өмір гүлімсің;
Ажарың ашық екен атқан таңдай
Анаңнан сені туған айналайын (Гауһартас - халық әні).