Қазақ жастарының жүрегінен орын алып үлгерген Darkhan Juzz туралы не белгілі?

Бүгін, 24 ақпанда көпшілікке “Darkhan Juzz” деген лақап атпен танымал Дархан Жүнісбеков қапада көз жұмған болатын. Qazaq indie жанрында ән жазатын жас әнші қазақ тілін көтеруді мақсат тұтқан. Аядай ғана ғұмырын музыкаға сарп еткен өнерпаз туралы басқа не белгілі. Stan.kz тілшісі баяндайды. 

©instagram.com/d.juzz

Өнер иесі тыңдарман арасында Sheker, Erikpe, Uide сынды әндерімен танымал. Қарапайым отбасынан шыққан жас әншінің сұхбаттарына көз жүгіртсек өмірден аз теперіш көрмегенін байқауға болады. 

“Отбасымызда қаржылық қиындық көп болды. Сондықтан еңбекке ерте араластым. Он алты жасымда алғаш рет көлік жуу орталығына жұмысқа тұрдым. Одан кейін құрылысшы, әрлеуші, электрик, жүк тасушы, даяшы болып, жұмыстың неше түрін істеп көрдім. Қытай косметикасын сатқан кездер де болды”, – дейді музыкант.

Дархан Алматының тумасы. Оның анасы құрылыста жұмыс істеген, әкесі арнайы жасақта қызмет еткен әскери адам. Дарханның Назым, Ләйлә есімді екі әпкесі болған. Дархан төртінші сынып оқып жүргенде Ләйлә ауырып, қайтыс болады. Әпкесінің өлімі Дарханды тез есейтті, музыкаға берілуінің де бірден-бір себебі сол. 

"Музыканы тастауға бірнеше рет оқталған"

Музыкант “Steppe” сайтына берген сұхбатында өзін көше тәрбиелегенін, мектеп кезінде үздіктердің қатарынан табылмағанын және музыканы тастауға қанша оқталса да қолынан келмегені туралы айтады. 

“Есірткі сияқты дүниенің неше түрін татып көрдім. Бұл адамның рухын сындырады, біртіндеп құндылықтарыңды жоғалта бастайсың. Тәуелді дүниелерден толықтай бас тарту оңай емес. Мұның қиынға соғып жатқанын мойындаймын”, – деген Дархан көшедегі талай төбелестерге қатысқанын да жасырмайды.

Дархан музыканы тастауға бірнеше рет оқталған. Бірақ әлдебір тылсым күш оның бұл райынан қайтуына әсер еткен.

“Музыкамен қош айтысамын, мұнымнан ештеңе шықпады" деп ойлаған сайын бір тылсым күш мені осы жолға қайта әкеліп салады. Өмірімде мұндай мысалдар көп кездесті.

Бұрын жарты жыл Арбатта өнер көрсеткен кез болды. Өзім жазған әндер көпшіліктің қошеметіне бөлене бермейтін, сондықтан көбіне басқа авторлардың танымал әндерін орындайтынмын. Бір күні "Музыканы тастап, жаңа өмір бастауға ұмтыламын, барлық адамдар сияқты қалыпты тіршілік қамына кірісемін" деген ой келді. Музыкамен біржола қоштаспас бұрын, соңғы рет Арбатта өнер көрсетейін деп шештім. Ән айтып тұрғанымда жаныма бір бейтаныс кісі келіп, бірнеше мың теңге тастады. Цойдың әндерін орындауды сұрады. Ал менің даусым Виктор Цойға қатты ұқсайды. Өтінішін орындадым. Бір кезде "Тағы немен таңғалдыра аласың?" деді. Авторлық әндерімді айтып бердім.

Әлгі бейтаныс тыңдарман Мәскеуден келген режиссер болып шықты. Музыканы тастауға бел буғанымды естігенде "Ақымақ екенсің, талантсың ғой, әлемге сендей адамдар керек" деді. Ілтипат білдіріп, үйіне қонаққа шақырды. Дастархан басына өнерде жүрген достарын жинап, менен ән сұрады. Шабыттанып, авторлық туындыларымды бірінен кейін бірін орындадым. Бәрі шығармашылығыма тәнті болып, "Сен музыкант болу үшін жаралғансың" деп қолдау көрсетті.

Бірнеше жыл бұрын Астанада даяшы болып істеп жүргенімде, басшылық мені администратор етіп, қызметімді өсірмек болды. Сол сәтте мақсатым өзгеріп, музыканы тастасам деген ой келді. Администратор боламын, тәжірибе жинап, өз мейрамханамды ашамын, оны "Ұя" деп атаймын деп жоспар құра бастадым. Бұл ойымды қазір Ozen дистрибьютерлік компаниясының негізін қалаушы Айзатуллаға айттым. Ол "музыканы тастама" деп кеңес берген соң, жұмыстан шығып кеттім. "Күн мен айым" әнін жаздырдық, бірақ онымыздан ештеңе шықпады. Өкінген жоқпын, қайта сол кезде мені жұмыстан алып кетіп, музыка әлемінде алып қалғаны үшін Айзатуллаға алғыс білдіремін”, – деп өзіне жанашырлық танытқан жолдасына ризашылығын жеткізді.

"Қазақ тілін көтеру керек" деген мақсат болды

Жас әншінің айтуынша, оның бойына патриоттық сезімді сіңдіріп, музыкамен айналысуына ықпал еткен сынып жетекшісі. Өнер иесінің ұлтжандылығын қазақ тіліне деген құрметінен көруге болады. 

“Мен алғаш авторлық туындыларымды жаза бастағанда, қазақ тіліндегі әндер жастардың аузынан түспейтін заманауи қалыпқа түсіп үлгермеген болатын. "Қазақ тілін көтеру керек" деген мақсат болды. Одан бөлек, мен музыканы біреулерге бірнәрсе түсіндіру амалы емес, ішімдегі ойларды сыртқа шығару құралы деп түсінетінмін. Ал ішкі толғаныстарым қазақ тілінде туатын. Осылай тек қазақ тілінде ән жазатын болдым”, – деген екен Дархан.

"37 жасқа дейін ғана өмір сүремін"

Дархан құдды ғұмырының қысқа болатынын сезгендей. Оны мына сөздерінен байқауға болады:

“Бейнелеу өнері сабағында "өмір мәні" деген тақырыпта сурет салғанымызда, нысанаға дәл тиген оқты бейнелегенім есімде. Оның астарында мақсатқа ұмтылыстан бөлек, өмірім осы оқтай зымырап өте шығады деген мағына жатыр. Шынында, бұрын тек 37 жасқа дейін ғана өмір сүремін деп ойлайтынмын. Мақсатым – өмірдің бар қызығын көріп, рок жұлдызға айналу, тарихта жас күйінде өмірден өткен аңыз тұлға боп қалу еді. 37 жаста бәлкім, есірткіні артық мөлшерде қолданғаннан өлетін шығармын деген ой болды”, – деген ойын осындан үш жыл бұрынғы сұхбатында айтқан екен.

Бұған дейін танымал әнші Дархан Жүнісбековтың өмірден озғанын хабарлаған болатынбыз.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста