Қазақ та балық сияқты үндемей қала ма?

Қазақ та балық сияқты үндемей қала ма?

Бүгінде Қазақстан үшін өзен-сулардың экологиялық тазалығын сақтау мәселесі өзекті проблемаға айналды. Әлбетте, оған, ең алдымен, көрші мемлекеттер жауапты болуы тиіс. Себебі Жайық, Тобыл, Есіл, Ертіс, Сырдария, Іле сияқты ауыл шаруашылығы үшін аса маңызды өзендердің бәрі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қытайдан бастау алады. Алайда бұл көршілердің қазақты ойлап жатқаны еш көрінбейді. Қытай Іле өзеніне химиялық қалдықтарды жіберіп, біздегі балықтың қырылып жатқанына себеп болса, Жайықтың үстінде отырған Ресейден де келетін экологиялық қауіп-қатер жетіп-артылады.
Ал Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және Ауыл шар­уашылығы министрлігі сияқты мемлекеттік ор­ган­дар баяғы «біз бәрін тексеріп жатырмыз, алдағы уа­қыт­та белгілі болады» дегеннен басқа уәж айтпайды. Өзен басында отырған көрші мемлекеттерге тепсініп талап қо­йып жатқанын да байқамаймыз. Ең басты өзен-су­ла­рымыздың  экожүйесі осылай  бұзыла берсе,  ертең қа­зақтың да балық сияқты қырылып жатпайты­нына кім ке­піл?
Ілені улаған кім?
Өткен аптада қорықшылар Алматы облысы Панфилов ауданының халқы дабыл қағып, Іле өзенінде балықтың жаппай қырылғанын хабарлаған болатын. Қаяз, сүген мен сазан сияқты балықтың өзен жағасында қы­рылып жатқанын Жаркент өңірінің қорықшылары өз кө­зімен көрген. Бүгінгі болжам бойынша, Қытай жағы транс­шекаралық суларға химиялық қалдықтар төккен. Со­ның салдарынан Іле өзенінің қазақ жерінде балығы қырылды. Осы мәселе бойынша, бұқаралық ақпарат құ­ралдарына сұхбат берген Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лігінің өкілдері қазіргі болжамды растап отыр. Алай­да бұл оқиғаға жауапты болғандардың қалайша жазаланатынын айтқан жоқ. 
Қайырбек МҰСАБАЕВ, ҚР Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары:
– Шекарашылар өзен суының ластануы мен бірнеше балық түрінің қырылғанын анықтады. Қазір біз арнайы сараптаманың нәтижесін күтіп отырмыз. Ол алты күннің ішінде дайын болады. Сол кезде ғана қырылған балықтың себебін айтуға болады. Негізі, өзеннің Қытай жағы ластанған болуы керек.

                                    Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Бір қызығы, ондай жағдай бі­рін­ші рет болып жатқан жоқ. Жер­гілікті халықтың сөзіне қарағанда, 1999 жылғы балықтардың жаппай қырылуы 2008 жылда да қайта­ланған. Осыдан кейін оның бір-екі жылда қайталанбайтынына кім кепіл? Өкі­нішке қарай, мұндай халық­аралық мә­се­лелерге келгенде біздің ше­неу­ніктер ба­тылдық танытып, нақты шара қол­да­ну­дың орнына бастарын бүгіп қала­ды. Дип­ло­ма­тиялық дайындық жетіспей ме? Жоқ, әлде бір-біріне қарап отыра ма? Әйтеуір, «аш құ­лақтан тыныш құлақ» деп жылы ор­ын­дарынан қозғалмай жатады. Енді қы­тай­лықтар өзенді жоғары жақтың тапсыр­ма­сы­мен улап отырмаған шығар. Оны Іле бо­йымен орналасқан өндірістік ошақтар­дың жасап отырғаны айдан анық. Соларды би­лік арқылы қысып, жазалауға болады ғой.
Жайық өзенінің экологиялық жағдайы аса қауіпті!
Қазіргі кезде Ресейден келетін Жайық өзенінің мәселесі де өзекті болып тұр. Баш­құртстан жерінен бастау алып, Ресей­дің Челябі, Орынбор және Саратов облыс­тары арқылы өтетін Жайық өзені бізге жет­кенше біраз тартылып қалады. Ал оның бойында орналасқан өндірістік ошақтар суды технологиялық қалдықтарымен лас­тап жатыр. Соның салдарынан Жайық эко­логиялық апаттың сәл-ақ алдында тұр. Ол ту­ралы ресейлік шенеуніктер де ашық айтып отыр.
Виктор ШОРИКОВ, Орынбор облысының сыртқы байланыстар министрі:
– Негізі, Орынбор облысы Ресейдің аса қиын экологиялық ай­мағына жатады. Биыл атмосфераға шы­ғарыл­ған зиянды заттардың жалпы көлемі 923,8 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 11 па­йыз­ға ар­тық. Бізде дұрыс тазартылмаған су­лар қоймаларға төгіледі. Соның сал­дарынан ауызсудың тапшылығы да ба­рынша байқалады. Ор­ынбор облысы­ның басты су арте­риясы – Жайық өзені де ластанып жатыр. Бүгінде біз оның эко­ло­гиялық жағдайын аса қауіпті деп баға­лап отырмыз.

Нуритдин ИНАМОВ, Ресей Федерациясы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры:
– Ашығын айту қажет, екі елдің ха­лық шаруашылығы үшін үлкен маңызы бар Жайық суының бүгінгі сапасы өзекті мәселеге айналды. Бізде тұрғын үй шар­уашылық нысандары, тау-кен және тау-кен өндіру кәсіпорындары аталған өзен­нің негізгі тұтынушылары болып отыр. Олардың өндірістік қалдықтары суды ластап жатыр. Біздіңше, өзеннің қа­зіргі экожүйесін сақтап қалу үшін та­зар­ту құ­рылғыларын барынша жаңар­тып, жаңа технологияларды енгізу керек.

Қазақстан Жайық өзенінің төменгі жағында орналасқан. Енді 2,5 мың шақы­рымға созылатын өзеннің бізге дейін жи­налып келетін зиянды қалдықтарының зардабын есептей беріңіз. Оған қоса, бү­гінде су тапшылығынан үрейленген орыс­тар суқоймаларды көптеп сала бастады. Мәселен, қазақ жеріне дейін Жайықтың суы 315 (!) суқоймаға бұрылады. Содан бізде су тапшылығы жылына 4,7 текше шақырымға жеткен.
Елена ТАРАСЕНКО, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Бұл мәселе бойынша ғалымдар бұ­рыннан бері дабыл қағып жатыр. Қа­зір Жайықтың суы тартыла бастады. Өзен бо­йындағы орман мен жемшөптер азай­ды. Балықтың саны күрт төмендеп кет­ті. Әсіресе бекіре тұқымдас балықтар жойылуға жақын. Басты мәселе – судың аздығы. Мысалы, 2001-2005 жылдары Жа­йық өзенінің ағысы 11 пайызға азай­са, 2007 жылы – 21 пайызға, ал 2008 жыл­да ол көрсеткіш 39 пайызға жетті. Ғалымдардың санауы бойынша, қазір өзен бойында 3100 мыңнан астам тос­қауыл бар. Оның барлығы адамның қолы­мен суды жинақтау мақсатында тұр­ғызылады.

Бүгінгі ресми мәліметке сәйкес, Жайық өзені бойымен тұрғызылған қоймалар жал­пы көлемі 5 млрд текше метр суды ұстап отыр. Соның кесірінен Қазақстанның батыс аймақтарына келетін су да азайып қалған. Осылай жалғаса берсе, ол жерлер­дің ауыл шаруашылығы құлдырап, сан ал­уан техногендік апаттар болуы әбден мүм­кін. Сондықтан бұл мәселені көп кешікпей, шешіп алған жөн болар.
Жайықты мүшкіл халден Еділ құтқара ма?
Бүгінде қазақ жеріндегі өзен-сулардың басым бөлігі шекараның арғы жағынан бастау алады. Сондықтан көрші елдерде бо­латын сан алуан техногендік апаттар мен суды қолдан тоқтату шаралары салда­рынан Қазақстанның аса қатты зардап шегетінін барынша ескеру керек. Себебі барлық улы қалдықтар бізге келіп жина­лады. Ал Жайық өзені арқылы Каспийге құйылса, халықаралық дау-дамайдың ауы­лы да алыс емес. Ондайда теңіз бойы­мен орналасқан мемлекеттердің бәрі Қа­зақ­станды жауапқа тартады. Осыған бай­ланысты бізге әрбір өзен бойынша нақты бір шешімнің болғаны тиімді. Ондай құ­жат­тар жоқ емес, бар. Жайық өзені бо­йын­ша да тиісті келісімнің жобасы дайын. Алайда оны Қазақстан емес, Ресей жағы дайындап қойған, тіпті ағымдағы жылы қыркүйекте Екатеринбург қаласында екі ел президенттерінің қатысуымен өтетін аймақаралық форумда аталған құжатты рәсімдеуді ұсынып отыр. Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі болса, үндемейді. Әзірше жаңа келісімнің кімге және қаншалықты тиімді болатын­дығы белгісіз.
Астанада өткен «Жайық өзені трансше­каралық бассейнінің өзекті мәселелері және шешу жолдары» тақырыбындағы дөң­ге­лек үстелге де министрлік емес, де­путаттық корпус мұрындық болды. Онда қор­шаған ортаны қорғау вице-министрі Ерлан Нысанбаев Жайық өзені бойынша кезінде рәсімделген хаттамалардың Ресей тарапынан бұзылып отырғанын меңзеп көрді. Бірақ одан аса алмады. Жайық өзе­нінің су деңгейiн сақтау мақсатында Едiл­дiң бiр саласын қосуды да ұсынды. Алайда ресейлік делегация оған ешбір жауап қатқан жоқ. Содан біздің шенеуніктер Жа­йықты қорғауға кететін қыруар қаражат мәселесін айтып тынды. Осындайда ел мүддесін қорғап жүрген ағаларымызға патриоттық сезім жетіспейтін сияқты. Қа­зақстан жастарын патриот болуға үгітте­генде әдемі сөйлеп жатады. Алайда нақты іске келген кезде өздері әрекетсіздік та­ны­тып қалады. Бұлай жалғаса берсе, ба­лық секілді үндемей жатқан қазақтың да балық сияқты қырылып қалмасына кім кепіл?!.

Р.S.
Бүгінде Қазақстан мен Ресей арасындағы трансшекаралық өзен-суларды тиімді пайдалану мәселесі екі елдің үкіметаралық келісімшарты аясында реттеледі. Оған сәйкес, арнайы комиссиялар да құрылып, Жайық, Есіл, Тобыл мен Ертіс өзендерінің суын қорғау шаралары жүргізіледі. Қазақстанның тарапынан осындай комиссиялардың біреуін қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Ерлан Нысанбаев басқарады. Оның кезекті отырысы шілденің 23-25-сі күндері Атырау қаласында өтпек. Бәлкім, сол жерде нақты бір шешімдер жасалар...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста