Қазақ қызы Австралияда қаза тапты

Шетелде тағы бір қазақстандық қайтыс болды. Австралияның Брисбен қаласында 22 жастағы студент Сағынай Батырханованың өлі денесі табылды.
ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің ха­барлауынша, қазақстандық бойжеткен Гриффит уни­верситетінің 1-курсында оқып жатқан. Оның мәйіті қазан­ның 1-і күні өзі тұрып жатқан пәтерден табылды. Жер­гілікті полиция Батырханованың кісі қолынан өл­генін анықтап, күдіктіні де ұстады. Қазақстандық сту­дент­тің азаматтық күйеуі, Тайланд азаматы бірге тұ­рып жатқан құрбысын өлтіргенін бірден мойындаған. Ол бұрын да отбасында кикілжің шығарғаны үшін сот­т­ал­ған болып шықты. Қанды оқиғадан екі күннен кейін сот отырысы өтіп, онда күдіктіні желтоқсанның 5-іне де­йін қамауда ұстау туралы шешім шығарылды. Сырт­қы істер министрлігі мамандарының мәліметінше, Ба­тыр­ханова мен оның азаматтық күйеуінен үш айлық сә­биі қалды. Бөбек қазір австралиялық әлеуметтік қыз­­меткерлердің қолында. Сыртқы істер министрлігі мен Австралияда да жұмыс атқаратын Қазақстанның Син­гапурдағы елшілігінің мамандары осы оқиғаға бай­ланысты марқұмның туыстарына қайғырып көңіл ай­тып, қолдан келгенше барлық қажетті көмекті көр­се­тетінін мәлімдеді. Еліміздің дипломаттары Австра­лия­ның Мәскеудегі елшілігіне қазақстандық азамат­тар­дың мүддесі үшін бұл істі толық зерттеуге ықпал ету­ді өтініп, ауызша нота бағыттады. Қазір Батыр­­хан­о­ва­ның денесін елге әкелу мен оның сәбиінің құқықтық мәртебесін анықтау мәселесі талқыланып жатыр. 
Асқар Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
– Бұл қылмыс отбасындағы жанжалдың себебінен болғанға ұқсайды. Нақтырақ айтқанда, күдіктіге екі айып тағылғаны белгілі. Біріншісі – кісі өлтіру, екіншісі – тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін сот органдары шығарған нұсқауды орындамау, яғни ерлі-зайыпты арасында бұған дейін де кикілжің болып тұрған деген сөз. Өкінішке қарай, мұның бәрі пышақта­сумен аяқталып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста