Қазақ қобызы әлемге Фатимамен әйгіленген

  • 29

Биыл – кәсіби қобыз өнерінің негізін қалаушы, қобызды әлем­ге паш еткен қобызшы ұстаз Фа­ти­ма Жұмағұлқызы Балғаева­н­ы­ң туға­нына 85 жыл.
Консер­вато­­рия­­ның қобыз класының тұңғыш түлегі болған профессор өмірден кетсе де, кейінгі буын көңілінен өшірмеу мақсатында Құрманға­зы атында­ғы қазақ ұлттық кон­сер­ватория­сын­да студенттік ғы­лы­ми-тәжіри­бе­лік конференция және концерт өтті. Көнеден жеткен қыл, нар, жез қобыз­дың қазіргі заманға лайықталған төрт ішекті при­ма қобыз үлгісін оркестрге икем­деген – ака­демик Ахмет Жұбанов. Ал ас­пап­тың әуезді әсем үнін әлем жұртшылы­ғына тұңғыш тың­датқан Фатима Балғаева екені аян. 1945 жы­лы консерваторияның қобыз класына қабылдан­ған Фатима оқу бітірген соң сонда ұстаз болып қабылда­нады. 1951 жылы Бер­линде, 1953 жылы Бухаресте, 1957 жылы Мәс­кеуде өткен Дүние­жүзілік   жастар мен сту­денттердің фестивалінде Құрманғазы атын­дағы акаде­мия­лық халық аспаптары оркес­трінің құра­мын­да болып, ұжым лау­реа­ты атағына ие болады. Қобыздың ысқы­шының орнына смыгекті пайдаланған кәсіби қобызда Фатима апамыз тек қазақ күйлерін ғана ор­ы­н­­дап қоймай, шығарма қорын әлем классиктерінің туындыларымен де ба­йыт­қан.
Меруерт КӘЛЕНБАЕВА, ҚР еңбек сіңірген әртісі, қобыз кафедрасының профессоры:
«Фатима Жұмағұлқызы – қазақ өне­рі­нің майталманы. Елеулі еңбегінің бірі – дүниежүзілік жастар мен студент­тердің фестиваліне қатысып, лауреат атануы. Сұра­пыл соғыс жылдарында елімізге Ре­сей­ден келген үлкен музы­канттар легі­мен бірге А.Жұбановтың шақыртуымен, ұлы скрипкашы И.А.Лес­сман Алматыға кон­серваторияға келіп, жұмыс істеді. Лес­сман­ның ұсынысымен композиторлар Фатима апайдың орын­дауына лайықтап фортепьяно мен қобыздың сүйемеліне арнайы шығар­малар жазған. Қобызға арналған бір­де-бір оқулық жоқ кезде Фатима апай арнайы оқулық жазып шығарды. Фати­ма апайдың насихатының арқасында  төрт ішекті қобыз үлкен оры­н­­даушылық деңгейге жетті. Қазақстанның түкпір-түкпірінде ол кісінің шәкірттері қобыз­дан сабақ беріп жүр. Қазақ үшін маң­дай терін төккен өнер иелерінің есімі ел аузында жүрсін, ұмытылмасын деген ниетпен осындай кеш ұйымдастырып жатқан жайымыз бар».
Кеш соңында қобыз және баян кафе­драсының студенттері қобыз бен домбы­рада қазақ және шетел композиторларының шығармаларын орындады.

Автор
Последние статьи автора
  • 337
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 483
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста