Қазақ анимациясын бір орталықта дамыту мүмкін бе?

Қазақ анимациясын бір орталықта дамыту мүмкін бе?

Қазіргі қазақ мультипликация өндірісі жаңа технологиямен жұмыс істеуге енді-енді қадам баса бастады. Десек те, бізге әлемнің әйгілі анимациялық фильмдер шығаратын ірі компанияларына жету әлі ерте. Оның үстіне, бізде бұл саланың «майын ішкен» мамандар жоқтың қасы.

Кезінде қазақстандық мультипликаторлар мыңдаған суреттерді қолмен салып немесе қуыршақтардың көмегімен тартымды сюжет жасауға тырысып, әбден әбігерге түсетін. Дегенмен осындай жалаң жағдайдың өзінде кеңес заманындағы қазақ мультипликациясы жақсы бір дәуірлеу кезеңін бастан өткерді.

Ұлттық бояуы қанық, сапасы да сол уақытқа сай тамаша мультфильмдер бүтін бір буынды ізгілік пен адамгершілікке тәрбиеледі емес пе?! Сол жылдары Әмен Хайдаровтар қазақ баласының санасына сәуле құю үшін аянбай жанкешті еңбек еткені аян. Бірақ бүгінде адам, қоғам, заман да басқа. Соған сай кезіндегідей ескірген қарабайыр тәсілмен бүгінде жұмыс жүргізу қисынсыз әрі ауыр. Ақпараттық технологиялар қарқынды дамыған сайын адамдар үшін кез келген салада іс жүргізу барысы анағұрлым жеңілдеді. Сол себепті де қазіргі заманның мультипликациялық фильмдерін жасау әлдеқайда жеңіл. Тек мықты идеялар мен қыруар қаржыны игеретін кәсіби мамандар және дайын өнімнің өтімділігін қамтамасыз ететін нарыққа икемделген пысық менеджерлер қажет.

Бүгінде елімізде жекеменшік киностудиялар көптеп ашыла бастады. Бұған қоса, жекелеген әуесқой режиссерлер де кино саласында өздерінше қам-қарекет жасағандай болып жүр. Алайда қаптаған кино түсіргіштердің арасында қазақ мультипликациясын жандандырам деп жан салып жүргендері шамалы. Әйтсе де жоғарыға алақан жаймай-ақ, демеушілердің қолдауымен тәуір анимациялық өнімдер шығаруды бастап жүрген жекелеген студиялар жаңа-жаңа қалыптаса бастады. Күні кеше ғана «Сақ» киностудиясы қазақ көрермендеріне екі бірдей тартымды туынды ұсынып үлгерді. Басқа-басқа, осындай бастамаларды еліміздің бас кино өндіріс орталығы ретінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильмнің» қолға ала бастағаны көңілге бір үміт ұялатады. Осы орайда, «Қазақфильм» бірер күн бұрын ғана қалың жұртшылықты жаңа анимациялық бірлестіктің кеңейтіліп, қайта жабдықталған арнайы орталығымен таныстырып, «Момын мен қарақшылар», «Қошқар мен теке» және «Айка» деп аталатын үш бірдей мультфильмнің тұсауын кесті. Бұл жаңа орталық сапалы мультипликация жасап шығаруға мол мүмкіндіктер туғызатын озық техникамен жабдықталған. Мұнымен қоса жаңа технология қаржы мен алтын уақытты да едәуір үнемдеуге септігін тигізеді. Демек, осындай артықшылықтардың арқасында орталықтың өнім беру қуаты да арта түспек.

Дидар АМАНТАЙ, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бас редакторы:
– «Қазақфильм» өткен жылы «Ер Төстік пен Самұрық құс» атты туынды ұсынған болатын. Бұл қазақ киносы тарихындағы тұңғыш анимациялық толықметражды фильм болып саналады.
Қазіргі кезде жасөспірімдерге арналған «Қазақ елі» атты 50 бөлімнен тұратын анимациялық тарихи-танымдық хикаят өндірістен өтуде.

Әр сериясы бес минутты құрайтын бұл фильмде Жәнібек пен Керей хандардан бастап, бүгінгі күнге дейінгі кезеңді барынша қамтиды.

Былтыр біз алты жобаны жүзеге асырсақ, биылғы жылы «Қазақ ертегілері» атты бес анимациялық жобаны өндіріске дайындау үстіндеміз. Біздің бүгінгі  атқарып  жатқан шаруаларымызды қазақ анимациясының қайта түлеуі деп қабылдауға болады.

Жаңа тұсауы кесіліп, қазақ көрерменіне жол тартқан мөлтек анимациялар осы айдың соңына таман отандық телеарналардан көрсетілетін болады. Орталық мамандарының айтуынша, сонымен қатар орталықтың өнімдері топтастырылған компакт-дискілерді де шығару жоспарда бар. Тағы бір атап өтетін жайт – ел Үкіметінің мейлінше көңіл бөліп, қажетті қаржы қарастыруының арқасында «Қазақфильм» заманауи үлгідегі Apple және Macintosh техникасымен, лицензиялы Maya, Animator pro, 3D-coat, Mudbox бағдарламаларымен, Adobe бағдарламасының жиынтық пакетімен және өзге де графикалық бағдарламалармен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта аталған орталықта анимациялар жасайтын 15-ке жуық жаңа компьютерлер орнатылған. Енді ондағы жаңа бағдарламамен еліміздің әр аймағынан іріктелген мамандар жұмыс істейтін болады. Бірақ бізде әлі де мықты маман тапшылығы бар. Сондықтан да мұндай орталықтар шетелден техника ғана алып қоймай, шебер аниматорларды да тәжірибе алмасу мақсатында шақыртып отырса, игілікті іс болар еді. Ал «Қазақфильм» сынды киностудия үшін шетелден адам шақыру аса бір қиын шаруа емес сияқты. Әншейінде қазақ киносына сырттан адам тартуға құмар біздің режиссерлер қазақ мультфильмі үшін де сырттан маман тартудан тартына қоймас деп сенеміз. Әрине, бұл үрдіс осы салада өз мамандарымыз қалыптасқанша ғана болса деген ізгі тілек бар...

P.S. Осындай орталықтың тамырына қан жүгіре бастауы Қазақстандағы анимациялық өнердің өрге басуына айтарлықтай ықпал етері сөзсіз. Дегенмен мәселені бір орталықпен шешуге болмас. Қажет десеңіз, мұндай ірі анимациялық орталықтардың елімізде бірнешеу болғаны жақсы. Әйтпесе қазақ анимациясын бір орталықта ғана дамыту мүмкін емес. Біз – кино мен мультипликацияны жай ғана орта бизнес деңгейінде ғана дамытпай, бұл саланы индустриялы кешен ретінде қарауымыз керек. Басқа елдердің бәсекесіне төтеп беру үшін бұл іске жабыла кіріскен абзал. Болмаса мультфильм жасау жаңағындай орталықтардың ғана айналысатын ағымдағы жоспарлы жұмысы ғана болып қалмақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста