Қазанда қар жауады

Қазанның 4-5-і күндері республиканың оңтүстік, солтүстік және шығыс бөліктерінде қар жауады. «Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары бірнеше тәулік бойы күннің қатты суытатынын ескертеді.
Мамандардың болжамына қарағанда, алдағы екі тәулікте Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан об­лыс­та­рында ауа температурасы 0–2 градусқа дейін тө­мен­деп, алғашқы қардың түсуі ықтимал. Сондай-ақ Сол­түстік Қазақстан, Ақмола мен Шығыс Қазақстан об­лыстарында да үсік болып, сынап бағанасы 5 гра­дусқа дейін төмендейді, күн ала бұлттанып, жауын жа­уады. Нөсердің арты қарға ұласып, желдің жыл­дам­дығы артады. Бірақ келесі аптаның дүйсенбісінен бас­тап, ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, қайтадан 25 градусқа дейінгі ыстық болады деген болжам бар. Ма­мандардың сөзіне сенсек, қыс мезгілінің алғашқы бел­гілері қарашаның екінші жартысында ғана біліне бас­тайды.
Гүлмира Әкішева, «Қазгидромет» РМК-ның жетекші инженер-синоптигі:
– Қызылорда, Алматы және Шығыс Қазақстан об­лыстарында алдағы тәуліктерде ауа темпе­ра­ту­ра­сы күрт төмендеп, қар жауады. Солтүстік ай­мақ­тар­да да ауа райы жауын-шашынды болып, оның ар­ты қарға айналуы ықтимал. Бірақ қазанның 8-інен бастап республиканың басым аумағында ауа температурасы қайта көтеріледі. Келесі аптадан бас­тап солтүстікте 18-25, ал оңтүстікте 20-25 гра­дус жылылық күтілуде. Қазан мен қараша айлары жы­лы болғанымен, қаңтарда қатты суық болады. Ал ақпан мен наурыз айлары жылдағыдай ауыс­па­лы температураны сақтайды. Жалпы, биылғы қыс мез­гілі тура 2010 мен 2011 жылдардағыдай болады.  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста