Қауіпсіздік жүйесі: мектеп оқушыларының өмірі, психикасы, қорғалуы

Қауіпсіздік жүйесі: мектеп оқушыларының өмірі, психикасы, қорғалуы

Петропавл мектебіндегі болған жағдай ел мектептеріндегі  қауіпсіздіктің осал екенін көрсеткендей. Әсіресе, өңірлердегі қауіпсіздікті қатаңдату мәселесі алға шықты. Осыған орай, Үкімет пен Оқу-ағарту министрлігі еліміздегі мектеп қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қайта тексеруді қолға алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Мәселенің мән жайын айтып берсек, 13 ақпанда Петропавл қаласының полиция басқармасына №4 орта мектептің оқушылары жараланғаны белгілі болды. 9-сынып оқушысы  асханалық балта, пышақ және қолдан жасалған маска алып, 10-шы сынып оқушысының басынан балтамен 2 рет ұрған. Одан кейін 10-шы сыныпта оқитын қыздың иығынан 1 рет және басынан 2 рет ұрған және 9-сынып оқушысының басынан 1 рет ұрған. Зардап  шеккендердің жағдайы тұрақты. Күдікті 2 айға қамауға алынды.

Оқыс оқиғаға орай Петропавл мектептерінде оқушылардың қауіпсіздігігін қамтамасыз ету деңгейі тексеріледі. Бұл мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылмақ. Білім ошақтарындағы бейнебақылау, күзет және дабыл тетігінің жарамдылығы мен турникет жүйесінің бар-жоғы анықталады.  Өңірде жұмыс істеп тұрған 400-ден астам мектептің 25-і ғана аталған қондырғымен жабдықталған. Сонымен қатар биыл 50 мектеп арнайы күзет қызметімен қамтылмақ. Бұл мақсатқа 100 млн теңге бөлінді.

Мектептердің қауіпсіздігін тексеру

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл жағдай білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты жүйелі мәселелерді үнемі басты назарда ұстап отыру қажеттігін көрсеткенін айтты.

«Балалардың қауіпсіздігін сақтау - барлығымыздың басты міндетіміз, - деді Ғани Бейсембаев.
Министр білім мекемелеріндегі қауіпсіздікті барынша қамтамасыз етуде шұғыл әрі тиімді жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды.

«Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті арттыру мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне білім басқармаларымен бірлесіп, биылдың 20 ақпаны мен 17 наурызы аралығында республикадағы барлық оқу орнының кешенді қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етілуіне мұқият мониторинг жүргізілсін. Осы маңызды мәселеде өзара әрекеттесудің тиімді тетіктері әзірленсін. 20 наурызға дейін атқарылған жұмыстардың қорытындысы баяндалсын», - деп тапсырма берді Ғани Бейсембаев кеңесте.
Сондай-ақ ол жергілікті атқарушы органдарға білім беру ұйымдарын турникеттермен, дабыл түймесімен, лицензиясы бар күзетпен, ішкі істер органдарының Жедел басқару орталығына қосылған бейнебақылаумен толық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Білім беру объектілерінің кіру тобына бақылауды күшейту қажеттігін айтты.

«Орта білім комитеті білім алушылар үшін арнайы қауіпсіздік сабақтарының циклі әзірлесін, өңірлердің білім басқармаларына Полиция департаменттері және Төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп осы сабақтардың өткізілуін қамтамасыз етсін. Бүгінгі айтылған мәселелерді ерекше бақылауға алуды сұраймын. Біздің ең басты міндетіміз – сапалы біліммен қатар, балалардың  қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету», - деді министр.
Өз кезегінде Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Петропавл қаласындағы мектепте алдын ала тексеру нәтижелері және оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарлары туралы айтты.

«Комитет әдістемелік және психологиялық көмек бойынша жұмысты жалғастырады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылдан бастап білім беру объектілеріндегі қауіпсіздік жағдайына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Келесі аптадан бастап бір ай бойы бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің, ата – аналар қауымдастығының, сарапшылардың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен оқу орындарында қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселесі бойынша тексеру жүргіземіз», - деп атап өтті Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Комитет мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді және талдауды жүзеге асыратын құқықтық базаны қалыптастыруда.

Сондай-ақ мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелермен жарақтандырудың стандарттары мен талаптары, білім беру ұйымдарында пайдалану үшін шектелген тыйым салынған заттардың тізімі пысықталды. Өткен жылы нысандарды терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық әзірленді, ал 2023 жылғы қаңтарда өңірлерге педагогтер мен білім алушыларға арналған іс-қимыл алгоритмдері жіберілді.

«Министрлік балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтен қорғау, оның ішінде қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру жөніндегі Кешенді жоспардың жобасын әзірлеуде. Оған 20-ға жуық мемлекеттік органдар мен өңірлер жұмылдырылған. Жуық арада өткізу режимінің регламентіне өзгерістер енгізілетін болады», - деп атап өтті Насымжан Оспанова.
Алматы, Жетісу, Ұлытау, Абай, Қостанай және Түркістан облыстарында қауіпсіздік жүйелерінің талапқа сай келмейтіні байқалады.

Камера, дабыл түймешесі, оқу-жаттығу

Астана қаласы №66 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толқын Батырбайқызы елорданың қақ ортасында тұрған мектептің қауіпсіздігі туралы айтып берді.

«Біздің мектебімізде 98 камера бар. Оның 24-і жедел басқару орталығына тіркелген. Яғни, қалалық полиция 24 камера арқылы мектептегі жағдайды тікелей көріп отырады. Турникет оқушылар кірген соң жабылады. Кейін ата-аналар өтінішімен ғана ашылады. Мектепте қандай да бір құқық бұзу, оқушылардың заттары бұзылса камералардан көріп отырамыз. Бізде арнайы күзет отырады. Мектеп арнайы күзет фирмасымен келісімшарт орнатқан. Талап бойынша фирма мектепте отыратын күзетпен қамтамасыз етеді. Арнайы дабыл кнопкасы да жұмыс істейді. Егер төтенше жағдай орын алса, вахтер дабылды басады», - деді ол.
Толқын Батырбайқызы жылына 2-3 рет оқушыларға төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында оқу -жаттығулар өтіп тұратынын айтты.

«Бізде қауіпсіздік шаралары бойынша 1-11-сынып аралығында арнайы сабақтар өтеді. Арнайы волонтерлар келіп сабақ береді. Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында, мысалы, жер сілікінісі немесе оқыс оқиға болса, не істеуге болады деген мәселені үйретеміз. Жас құтқарушылар отряды да жұмыс істейді. Олар бастауыш сыныптарға жол ережелерін түсіндіреді, басқа оқыс оқиғаларды әрекет етуді меңгертеді. Оқу жылының басында өмір қауіпсіздігі туралы журнал бар. Жылдың басында бірінші сынып сағатында сынып жетекшілері, мұғалімдер өмір қауіпсіздігін түсіндіреді. Мектепке бөгде зат әкелуге рұқсат жоқ екенін түсіндіріп, оқушылар ол журналға танысқаны жайлы қолдарын қояды», - деді мұғалім.
Жеткіншектердің психикалық саулығы

Астанадағы М. Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясының педагог-психологі  Райгүл Жеңісқызы енді бұғанасы қатып келе жатқан жеткіншектердің психикасы да ерекше қалыптасатынын айтты.

«Қазіргі күні балалардың өмір қауіпсіздігін сақтап, азамат болып қалыптасуы үшін біз олардың жаһанданудың тез ықпалдарына қарсы тұруын ескеруіміз қажет. Тәрбие жұмысының тиімділігі ата-ана мен мектептің өзара байланысының көрінісімен беріледі», - дейді маман.
Қазіргі педагог-психологтардың міндеттерінің бірі – кез келген жасөспірімге білімді меңгертумен ғана емес, сонымен бірге оның өмір қауіпсіздігін сақтап, ішкі жан дүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпаққа дұрыс жол көрсету. 

«Соңғы жылдары жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес, қазіргі заманда ата-ана мен мектеп болып, жасөспірімдердің тұлғалық дамуына, өмір қауіпсіздігіне баса назар аударып, жас жеткіншектерге берілген білім мен тәрбиеге аса көңіл бөлуіміз қажет. Ата-ана да өз уақытын аямауы қажет, ал ұзтаздар тек білім мен тәрбие беріп қана қоймай, олардың халін, көңіл-күйін, іс-әрекеттерін назардан шығармаулары керек», - дейді  психолог. 
Ата-аналар кейде «бұл өтпелі кезең, барлығының басынан өткен, ештеңе болмайды» деп тәрбиенің салғырт жағына жол береді де, назардан тыс қалдырып алады.

«Осы кезде баланың ішкі жан күйзелісі одан сайып күшейіп, соңында шешімін таппай, өмірден кетсем, бәрі қалпына келеді деп ойлайды. Сондықтан үлкендер, яғни ата-аналар, ұстаздар баланың іс-әрекетіне, айтқан сөзіне көңіл бөліп, бақылауда ұстауы қажет. Жасөспірім шақтағы негізгі іс-әрекет – ол қарым-қатынас. Яғни, балалар осы кезеңде достарымен бірге көңілді уақыт өткізіп, қыдырғылары келеді. Бұл жаста балалар үйде отырып, өз бетінше дами алмайды. Олар араласуы керек. Ал қазіргі күні балалар виртуал өмір арқылы араласып жатады. Шынайы өмірде араласудан қалып бара жатқан жасөспірімдеріміз де бар. Себебі көп уақытын телефонда өткізеді. Осылайша, экранның арғы жағында қандай адам отырғанына мән бере бермей, оның түрлі айласына ілініп, соңы бізді өкіндіретін жағдайға әкелуі де мүмкін. Мұндай жағдайлар бар, - дейді маман.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кез келген адамның бәсекеге қабілетті болуы – оның білім деңгейіне байланысты екенін айтып, мектептерде, колледждер мен жоғарғы оқу орындарында қауіпсіздікті сақтау өзекті мәселе болып тұрғанын айтты.

«Біз оқушылар мен студенттерді кез келген қауіп-қатерден қорғауға міндеттіміз. Сол себепті білім беру мекемелері мен жоғарғы оқу орындарындағы қауіпсіздік жүйесіне бірыңғай талап қойылуы қажет»,- деген еді Мемлекет басшысы.
 

Марья Айдарбаева

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста