Қашаған Мексиканың кебін кигізбесін

Қашаған Мексиканың кебін кигізбесін

Биліктегілердің сөзіне құлақ түрсек, Каспий аймағындағы әлемдегі ең ірі мұнай көздерінің бірі Қашағаннан қара алтынды өндіру 2012 жылға таяу жүзеге асырылмақ. «Сақтансаң, сақтармын» демекші, Қазақстан болашақта Мексика шығанағының кебін кигісі келмесе, Қашағандағы мұнайды өңдеу барысында көп нәрсеге көз жеткізіп, қауіпсіздік шараларына мұқият мән беруі керек.

Әйтпесе басқалармен салыстырғанда аталған кен орнындағы апатты жағдайлардың болу қау­пі әлдеқайда жоғары көрінеді. Қашаған кен ор­нындағы ұңғымалардағы қысым деңгейі Мексика шығанағындағы ұңғымалардағы қысымнан бірнеше есе көп! Ал апат бола қалса, жер бетіне шығатын теңіз түбіндегі мұнайдың жылдамдығы жарықтың жылдамдығынан асып түспесе, кем түспейді.
Муфтах Дияров, академик:
– Ұзақ жылдар бойы аймақтың эколо­гиялық проблемаларымен айналысып келе жатқандықтан, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде көмірсутекті шикізатты өңдеп-өндіру тәртібі мен ережесіне қатаң көңіл бөлу керек екендігін үнемі айтып келемін. Атырау өңірі мұнай-кен орнында болған апатты жағдайды бастан өткерді де. 1985 жылғы 23 маусымда болған теңіздегі апатпен кезінде 398 күн, яғни бір жылдан астам уақыт бойы күрес­ті. Нәтижесінде, ауаға 3,4 миллион мұнай,
1,7 мил­лиард текшеметр газ таралып кетті. Оның ішінде 516 мың тонна күкіртті сутегі, бір миллиард текшеметрге жуық жанбаған көмірсутегі тағы бар. Бетін аулақ қылсын, дегенмен Қашағанда мұндай жағдай орын ала қалса, қатерден қашып құтыла алмаймыз.

Себебі қазір, Ресей, Иран, Әзір­байжан мен Түрікменстан Орталық және Оңтүстік Каспий бөліктерінде мұнай өңдеуді күшейтіп жатыр. Бірақ теңіз бассейнінің экология­лық сыйымдылығын анықтаған ешкім жоқ қазір. Және теңіздің өзіндік биоқорлары мен көмірсутегін өн­діру көлемі арасындағы текетірестің қандай жағдайда сақталатындығы және теңіздің қандай антропогендік салмаққа төтеп беретіндігі де жұмбақ.
Апат бола қалса, ұңғыма маңы бұрқ-сарқ қайнаған гейзерге айналып шыға келеді. Мұнай, газбен араласқан теңіз суы биіктігі – 300 метр, диаметрі 50 метрден кем емес алып «бағанаға» айналады. Теңіз түбі мен сол жердегі ауа бірнеше жүздеген градусқа дейін ысиды. Нәтижесінде, судағы тіршілік құриды. Адам қолымен жасалған техникалық факторлар, техногендік және табиғи жер сілкінулердің әсерінен қоршаған ортаға қауіп төндіретін мұнай-газ апаттарының болу қаупін көбейтеді. Бұл әсіресе Солтүстік Қашағанға қатысты айтылып отыр. Апат бола қалса, теңізге миллиондаған тонна мұнай мен улы газ тарап, оны жою үшін бірнеше ай кетері сөзсіз. Оны тоқтатқаннан кейін де мұнай-газ кен орындарында өндіру жұмыстары тоқтап қалмайды. Белгілі бір уақыттан соң тағы да апат орын ала қалса, біздің өңір қоршаған ортаға қауіп төндіретін нағыз экологиялық алып аймаққа айналмақ. Мәселен, 1993-2009 жылдары Теңіз кен орнындағы мұнай компанияларының бірі 178 млн тонна мұнай өндіріп, ауаға 887,8 мың тонна улы заттарды (жобада көрсетілгеннен 2-2,5 есе көп) шығарған. Ал қоршаған ортаға қандай зиян келгендігі туралы мәлімет дер кезінде жасақталған емес. Соңғы рет 2003 жылы жасалды. Миллиондаған тонна күкіртті тағы қосыңыз. Қоршаған ортаға уын таратып, ашық аспан астында жатыр. Теңіздегі төрт полигонның ағын суларының булануы әсерінен ауаға тарап жатқан лас қалдықтар тіпті еш жерде айтылмайды да. Ол үшін компания басшылары айыппұл да төлемейді. Сорақысы сол, осы жерде орналасқан Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласының тұр­ғындарының денсаулығын нығайту мақсатында қаражат та бөлмейді.
Сондықтан Каспий жағалауын­дағы мемлекеттер арасында Каспий теңізінің биоқорларын сақтап қалу мақсатында теңізден көмірсутегі қор­ларын өндіру көлемін бақылап отыратын ғылыми орталық құрып, оның жұмысын жандандыру керек. Және теңіздің биологиялық қорла­рын сақ­тандыру мәселесін де қолға ал­ған жөн. Атырау өңірі, оның ішінде Каспий теңізінің акваториясы Рихтер бағаны бойынша 6 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін аймаққа жатады. Ал ең ірі деген Қашаған, Қаражанбас, Ақтоты, Қайран, Теңіз мұнай-газ кен орындары осындай қаупі жоғары аймақтар­да орналасқан. Осы аймақтардағы жер қабатын әбден тексеріп, зерттеп барып іске кірісу керек. Әйтпесе Каспий теңізінде қыстап, ұя салатын құстардың жалпы 10 миллионнан астам түрі зардап шегіп, жартысы қырылып қалады. Әбден ластанған теңіз суының булануы нәтижесін­де пайда болған токсинді бұлттар, атмосфераның жоғары қабатына дейін көтеріліп, ауа кеңістігіне тарайды. Ақыр аяғында қышқылды жаңбырдың астында қа­латын боламыз. Ал мұнай-кен орындарын өңдеп, өндірумен айналысу мәселесін шешетін шенеуніктер болуы мүмкін экологиялық қауіптің ақырын түсінсе жарар еді.

Дерек пен дәйек
Кен орнының атауы ХІХ ғасырда өмір сүрген атақты маңғыстаулық ақын-жырау Қашаған Құржыманұлының құрметіне қойылған.
Қашаған – Каспий теңізінің солтүстігінде орналасқан Қазақстандағы алып мұнай-газ кен орны. «Восток-1» ұңғымасының көмегімен 2000 жылдың
30 маусымында ашылды. Әлем бойынша соңғы 40 жылда ашылған теңіздегі ең ірі мұнай-газ кен орны.
Шығыс Қашаған — 2000 жылы, Батыс Қашаған — 2001 жылы, Оңтүстік-батыс Қашаған 2003 жылы ашылды.
Қашағаннан мұнай-газ өндіру ісі бірнеше рет кейінге қалдырылып келгенмен, ендігі қауырт жұмыс 2012 жылдың аяғында басталатын болды.
Қашаған кен орнындағы мұнай-газ көздерінің 5 500 м тереңдікте орналасуы және пласішілік қысымның тым жоғары, күкіртті сутегінің көптігіне байланысты (19 пайызға жуық) кен орнын өңдеу күрделі геологиялық жағдайларда жүзеге асырылып жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста