«Қару сатылады...»

«Қару сатылады...»

Жарнамалық басылым беттерінен «қару сатылады» деген мәтіндегі жарнаманы көргенде, жаға ұстағанымызды жасыра алмаймыз. Сонда оны ақшасы бар кім болса сол сатып ала бере ме?
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылдың алғашқы төрт айында Оңтүстік Қазақстан облысында 51 қасақана кісі өлтіру оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жыл­ғы осы уақыттағы көрсеткіштен 18,6 пайыз­ға жоғары. Кейбір жекелеген аудандардағы жағдай тіпті сорақы. Мәсе­лен, осы мерзімде қасақана кісі өлтіру қыл­мысы облыс орталығымен жапсарлас жат­қан Сайрам ауданында – 600, Созақ ауда­нында – 200, Шымкент қаласының әл-Фараби ауданында 300 пайызға дейін артқан.

Жоғарыда аталған 51 қасақана кісі өлімінің 12-сінің ажалы осы атыс қа­руларынан келген. Өткен жылы қарудан қайтыс болғандардың қатары бестен ас­паған еді. Одан бөлек, қару қолданумен жасалған тоғыз (өткен жылы екі) қылмыс тір­келген. Биылғы жылдың алғашқы төрт айында атыс қаруын заңсыз сатып алу, алып жүру және сақтау қылмыстары өт­кен жылғыға қарағанда 13,1 пайызға артқан. Сонда заңсыз қарулар қайдан келіп жатыр? Осындай сауал­ды алға тар­тып, Оңтүстік Қазақ­стан облыстық ішкі істер департаменті Қоғам­дық қауіпсіздік басқармасының лицензиялық рұқсат беру жүйесінің қызметкері Болат Асы­л­ов­пен тілдес­кен едік.
– Басылым беттеріндегі қару сату жар­на­ма­сына қатысты басшылармен ақыл­дасқан­мын, – дейді Б.Асылов. – Олар ешқандай шара қолдана алмай­тынымды айтты. Тек Қар­жы полициясы ғана егер заңсыздыққа жол берген бол­са, басылымға жауапты заңды тұлғаларға шара қолдану арқылы бір амал жасай алады екен. Басқа ешкім ешқандай шара қолдана алмайды.
Биылғы жылдың наурыз айында Бәйді­бек ауданы, Бестоғай елді мекенінде тапан­ша­дан атылған оқ бір адамды мерт етсе, ал қаң­тардың 29-ы күні Шымкент қаласының қақ ортасындағы «Кең-Баба» саябағының алдын­да болған қарулы қақтығыс адам шошытар­лықтай. «Разборкаға» келген бір топ жігіттердің біреуі қаза болған жерден төрт оқ, 13 тапанша гильзасы табылған. Тағы бір бәйдібектік қылмыскер қарумен адам өлтіріп, марқұмның көлігіне мініп, қашып бара жатқан жерінен тоқтатқан қос бірдей лауазымды полиция қызметкерлеріне бірнеше мәрте оқ атқан.
Тағы бір қару қолдану оқиғасында Шымкент қаласы М.Мәметова көшесінде 11-сынып оқушысы жол бойында кетіп бара жатқан екі жігітке қос ауызды мыл­тықпен бірнеше рет оқ атқан. Қаңғыған оқтың бірі көшеден өтіп бара жатқан жазықсыз қызды жаралаған. Кейіннен белгілі болғанындай, заңсыз қару «асын­ған» оқушы полиция қызметкерінің ұлы екен.
«Шара-Бара» жарнамалық басылы­мы­­­ның бас редакторы Валентина Вакулина:
– «Жарнама туралы» Заң – үнемі басшылыққа алып отыратын негізгі құ­жатымыз. Күнделікті үстел үстінде жата­тын­дықтан, заңды жатқа білемін десем де болады. Бірақ қару сату жөнінде нақты ештеңе кезіктіре алмадым. Мұндай қару сату жөнінде жарнама бергісі келетіндер болса, оны дүкеннен сатып алғандағы құ­жаттарын талап етеміз. Заңды болса, жар­наманы қабылдаймыз. Жарнама қа­был­даушы қызметкерлер мұндай жар­наманы қабылдаудан, шыны керек, қор­қады. Сол себепті ондай клиенттерді ма­ған жібереді. Мен міндетті түрде оның арнайы рұқ­сатының көшірмесін алдыртып, заң шең­берінен шықпауға тырысамын
«Олимпик» қару-жарақ дүкенінің сатушысы:
– Клиенттің қолында аудандық ішкі істер бөлімінің берген арнайы рұқсат қа­ғазы болуы міндетті. Онда қару сатып алу­шының нақты мекенжайы, наркодис­пан­сердің, жүйке аурулары диспансерінің жә­не сотталмағаны жөніндегі анықтамасы  болады. Сол құжаттар негізінде ғана са­тамыз. Ал сатып алған қаруын қайта сат­қысы келетіндер болса, олар да сатып алуға ниет білдірген азаматтан тура осы атал­ған құжаттарды талап етуі тиіс. Егер бұл құжаттарды талап етпесе, заңсыз са­тылған болып есептеледі. Ертеңгі күні осы қарудан оқ атылатын болса, заңсыз сатуға жол берген адам жауапты болуы мүмкін. Себебі ол қару соның атында тіркеулі...
Иә, оқырмандардың мұны да біле жүр­гендері дұрыс. Әйтпесе бір кесірге жо­лығуы ғажап емес. Ал заңды білмегендік жауапкершіліктен босатпайды.
Ең сорақысы – жарнама арқылы қару сататындарға ешкім бақылау жа­са­май­тындығы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста