Қарағанды облыстық ТЖД 5 жастағы қызды құтқарған Анастасия Пхенданы марапаттады.
ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Настя 9 жаста, бірақ өзінің жас болғанына қарамастан, үлкендердің көбі жасай алмайтын әрекетке барған, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.
Өз өмірін тәуекелге тігіп, Настя сазға батқан 5 жасар қызға көмектескен. Үлкендер 5 жасар қызды іздеп жүргенде, оны кездейсоқ көріп қалған Настя Пхенда өзі жүзе білмесе де қыз баланы батпақтан шығарып алады. Қуаншытысы барлығы жақсы аяқталды.
Бұл Настяның баланы бірінші рет құтқарып қалуы емес. Былтыр жазда ол - кішкентай қыздың ағаштан түсіріп алды және 4 жасар ұл баланы автокөлік басып кетуінен сақтап қалды.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Настяның бұл батыл іс-әрекетін назардан тыс қалдырмады. Қыз балаға алғыс хат пен сыйлық табыстады. Настяның жүрегі кең, басқаны құтқару үшін өз өмірін тәуекелге тігуге әр адам бара бермейді.
«Біз болашақта Настяның құтқарушы кәсібін таңдайтынына үмітіміз бар, себебі құтқарушының ең басты қозғалтқышы - батылдық және өзгеге көмек көрсетуге дайын болуы, ал бұл қасиеттер батыл қыздың бойында қазірден табылуда», деп мәлімдеді құтқарушылар.
Фото:inform.kz