«Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер». Қарағандыда өзгеше сайыс өтті. Отбасы құндылығының маңызын арттыруға арналған шарада әдеттегідей отанасы емес, отағалар өзара сайысқа түсті.
Қарағанды облысының әкімшілігі мен Әйелдер ісі және отбасы – демографиялық саясаты жөніндегі комиссия төрағасы Арман Қырықбаевтың бастамасымен «Әке – асқар тау» атты сайыс Қарағандыда алғаш ұйымдастырылып отыр. Әр өңіріде өткен жарыстарда топ жарған ер-азаматтар ақтық сынға қатысуға Абай қаласына жиналды. Үбірлі-шүбірлі үлгілі отбасының өкілдері сан түрлі салада еңбек етеді. Аталған сайыста сегіз қырлы бір сырлы сегіз азамат бақ сынасты. Олардың арасында әнші, ұстаз тіпті аспазға дейін бар. Әдетте сахнада он саусағынан өнер тамған мисс және миссистерге көзіміз үйренген. Енді мұндай жарыстардан ер-азаматтар да қалыс қалмайтындарын көрсетті. «Таныстыру», «Бұл — біздің әкеміз», «Тосын жайт» және «Жұлдызды сәт» кезеңдерінде ер-азаматтар қолдан келген бар өнерін аянбай ортаға салды. Әкелер сайысын өткізудегі мақсат – ер-азаматтардың жетістігін, бала тәрбиесіндегі ерекше орнын, олардың қоғамдық саяси өмірдегі табысын көрсету көзделген. Бұл сайысқа қатысудың өзі әкелердің ерекше батылдығын паш етті. Сондықтан сегіз отағасы да түрлі аталымда сый-сияпат иеленді.
Еділбаев Марғұлан, «Әке — асқар тау» сайысына қатысушы:
– Мен Жезқазғаннан келдім. Негізгі шұғылданатын ісім – әншілік. Бұл сайысқа қатысуға ойланбастан келістім. Әкелердің жетістігін көрсету үшін мұндай шара қажет деп ойлаймын. Жылдың бір күнін «әкелер күні» деп белгілеп жатса, тіпті қуанар едік.
Қарағандыда әкелер сайысты
Последние статьи автора