Қар құрсауында қалып қойған 273 адам құтқарылды

Қар құрсауында қалып қойған 273 адам құтқарылды

Бір тәулік ішінде автожолдардағы күртік қарға тұрып қалған 273 адам құтқарылды. Батыс Қазақстан облысында – 60, Оңтүстік Қазақстан облысында 18 көлік қарға кептеліп қалса, Павлодар облысында 75 жолаушысы бар автобустың жолы болмаған.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының хабарлауынша, қаңтардың 18-і күні Батыс Қазақстан облысында автожолдарда қалып қойған 98 адам дер кезінде құтқарылған. «Қазавтожол» кәсіпорны мен төтенше жағдай қызметкерлерінен тұратын 20 шақты құтқарушы 14 жеңіл машина мен 46 жүк көлігін қар құрсауынан шығарған. Жолаушылардың арасында қол-аяғын үсік шалғандар жоқ, бәрі дін аман. Павлодар облысында қатты аязға байланысты тұрғындарға алыс жолға шықпау жайлы ескерту берілген болатын. Соған қарамастан жолға шыққан 75 жолаушысы бар автобус Павлодар қаласынан 50 шақырым жерде тұрып қалды. Құтқарушылар мен әкімдік қызметкерлері жолаушыларды барар жеріне жеткізіп салды. Ал автобусты Шекарашы елді мекеніне апарып тастауға тура келді. Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында да бес автобус пен 13 жеңіл автокөлік қарға тұрып қалды. Жол қызметкерлері 93 адамды құтқарды. Ақтөбе облысының Байғанин ауданында екі жолаушысы бар бір жүк көлігі және Мәртөк ауданында төрт жолаушысы бар бір жеңіл машина күртік қардан шығарылды. Мамандар жолаушыларды ауа райына қатысты ескертулерге құлақ асуға шақырады. Қысқы ауа райының қолайсыздығына байланысты респуб­ликалық және жергілікті автожолдардағы қозғалысқа, негізінен, түнгі мезгілде шектеу қойылады. Синоптиктердің бол­жамына қарағанда, еліміздің түгелге жуық аума­ғындағы суық антициклон ықпалы аптаның соңына дейін бәсеңдемейді. Еліміздің солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында құрғақ аяз күшейеді. Ал батыс және оңтүстік облыстарда боран соғып, көктайғақ болады, тұман түседі. Қаңтардың 20-21-і күндері Алматы облысында сынап бағанасы 30-35 градусқа дейін төмендеп, күшті аяз болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста