Қақтығыстан қираған Масаншы мен Бұлар батыр ауылдарынан 900 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылған

Қақтығыстан қираған Масаншы мен Бұлар батыр ауылдарынан 900 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылған

Ақпан айының басында Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты бірнеше ауылда жанжал болып, 11 адам қаза тапқан еді
Қақтығыстан қираған Масаншы мен Бұлар батыр ауылдарынан 900 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылған. Қираған заттар мен өртенген үйлердегі қалдықтарды тазалауға сол сәтте үш жүздей адам қатысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Үйінділерді тазалаудан соң арнайы сенбілік те ұйымдастырылған.

Тәртіпсіздіктен кейін ауылдарды реттеу жұмысы 8 ақпанда басталған. Төтенше жағдай болған ауылдарды тазарту жұмыстары үш аптаға созылған.

«Масаншы және Бұлар батыр ауылдарынан өрттен шығарылған күл-қоқыс қалдықтары және өртенген автокөліктерді шығаруға 274 адам, 68 арнайы техника жұмылдырылып, 896 тонна қүл- қоқыс шағарылды. 29 ақпанда Ауқатты, Сортөбе, Масаншы және Қаракемер ауылдық округтерде жаппай сенбілік өткізілді. Сенбілікке мекемелермен мен кәсіпорындар басшылары, ауылдық округ әкімдері, ауыл тұрғындары және кәсіпкерлер қатысып аумақтарындағы көшелерге тазалық жұмыстарын жүргізді», - деп жауап берді Қордай ауданының әкімдігі.

Сенбілік кезінде тағы да 30 арнайы техника қатысып, өзге аудандардан да адам мен техника тартылған. Ірі кәсіпорындар да қираған ауылдарды тазаласуға қол ұшын берген. Ауылдарды реттеудің екінші кезеңінде тағы да 460 тоннадан астам қоқыс шығарылған.

«Сенбілік кезінде ауылдық округ тұрғындары барлығы 10 мыңнан астам адам қатысып, 460 тонна қоқыс шығарылды, 26 шақырым арық, 1000 аула тазартылды. Тек Ауқатты ауылдық округі бойынша сенбілікке барлығы 500 шықты. 60 тонна қоқыс тасылды. Сортөбе ауылдық округінде барлығы 1500 адам, шығарылған қоқыс көлемі – 200 тонна», - деді әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста