Қапшағай қаласының мешіті өртеніп кетті. Тілсіз жау белең алған мезетте бас имам орнында болмаған. Мамандар ғимараттың сыртына жөндеу жұмыстарын жүргізген жұмысшыларды кінәлап отыр.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, төтенше жағдай шілденің 22-сі күні сағат 10:15-те тіркелген. Өрттің жалпы аумағы 20 шаршы метрді құрайды. Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жанат Сембаевтың айтуынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. «Мешіттің бас имамы 1979 жылы туылған Еркінбек Дәкенұлы дәл осы мезетте орнында болмаған. Сонымен қатар мешіттің сыртқы бөлігіне толығымен жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, тұйықталу да сол жұмыстарды жүргізу барысында пайда болуы әбден мүмкін», – дейді ол. Ғимараттан шығып жатқан түтінді ауыл тұрғындары байқап, өртсөндірушілерді шақырған. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің төрт маманы мен бір техникасы тілсіз жауды күндізгі сағат 10:40-та ауыздықтап, 10:50-де толығымен сөндірген. Өрттің шығуына кінәлі тұлғалар мен материалдық шығын анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.
Қапшағайда мешіт өртенді
Последние статьи автора