Қапшағайда мешіт өртенді

Қапшағайда мешіт өртенді

Қапшағай қаласының мешіті өртеніп кетті. Тілсіз жау белең алған мезетте бас имам орнында болмаған. Мамандар ғимараттың сыртына жөндеу жұмыстарын жүргізген жұмысшыларды кінәлап отыр.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабар­лауын­ша, төтенше жағдай шілденің 22-сі күні сағат 10:15-те тіркелген. Өрттің жалпы аумағы 20 шаршы метрді құрайды. Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жанат Сембаевтың айтуынша, өрттің шығуына электр сым­да­рының қысқа тұйықталуы себеп болған. «Мешіттің бас имамы 1979 жылы туылған Еркінбек Дәкенұлы дәл осы мезетте орнында болмаған. Сонымен қатар мешіт­тің сыртқы бөлігіне толығымен жөндеу жұмыс­тары жүргізіліп жатыр, тұйықталу да сол жұмыстарды жүргізу барысында пайда болуы әбден мүмкін», – дейді ол. Ғимараттан шығып жатқан түтінді ауыл тұрғындары байқап, өртсөндірушілерді шақырған. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің төрт маманы мен бір техникасы тілсіз жауды күндізгі сағат 10:40-та ауыздықтап, 10:50-де толығымен сөндірген. Өрттің шығуына кінәлі тұлғалар мен материалдық шығын анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста