Қаңтар айына арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» Қазақстан Республикасы бойынша 2022 жылғы қаңтар айына консультативтік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаңтар айының басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде жоғары қысым аймағының әсері сақталады, осыған байланысты аязды, аз бұлтты ауа райы болжанады. Алайда еліміздің батыс аймақтарына Солтүстік циклон жырасының тереңдеуімен, жауын-шашын, желдің күшеюі, көктайғақ болжанады.
«Циклон жырасының шығыс бағытта ығысуына байланысты республиканың қалған аумағында да ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, солтүстік өңірлерде бұрқасын, екпінді жел, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын (қар мен жаңбыр түрінде), көктайғақ және тұман күтіледі. Ауа температурасының солтүстік жартысында түнде -17-28°С-тан -3-13°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-тан 0,-8°С-қа дейін, оңтүстік жартысында күндіз +5+12°С-қа дейін, елдің батысында -3+2°С-қа дейін біртіндеп жоғарылауы болжанады.
Бірінші онкүндіктің ортасында ҚР аумағына кезекті суық антициклон әсер ете бастайды. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы байқалады және ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжанады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, ал бірінші онкүндіктің соңында және ҚР шығысында түнгі сағаттарда термометр бағандары -17-32°С-қа дейін, оңтүстік жартысында -3-13°С-қа дейін, батысында -8-23°С-қа дейін төмендейді. Сонымен қатар, мұндай ауа-райы ұзаққа созылмайды, өйткені батыстан антициклонның орнына Скандинавия аймақтарынан циклон қайтадан ауысады, онымен тұрақсыз ауа-райы және аяздың әлсіреуі болжанады», - делінген синоптиктер болжамында.
Консультативтік ауа райы болжамына сәйкес 2022 жылғы қаңтардың екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының бірінші онкүндігі сияқты жиі өзгеруі күтіледі, аязды күндер жылы күндермен ауысады, қар жауады, бұрқасын мен екпінді жел болжанады, ҚР оңтүстік жартысында негізінен жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ құбылыстары мен тұман құбылыстары болады деп күтілуде.
«Иран аумағынан республиканың басым бөлігіне жылы ауа массаларының шығарылуымен ауаның орташа айлық температурасы нормадан 1-2° жоғары болады деп болжанады, тек елдің солтүстік-батыс бөлігіне циклонның биік жырасының жиі әсер етуімен ауа температурасы климаттық норма шамасында күтіледі.
Жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде нормаға жуық, Қазақстан Республикасының солтүстік жартысында, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың, шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында нормадан көп болады деп күтілуде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының оңтүстік-батысында нормадан аз болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Циклондық әрекет және антициклонның енуінің жиі әсерінен бір ай ішінде ауа температурасының ауытқуы болжанады.
«ҚР солтүстік жартысы мен батысында түнде -25-35°С тан -3-13°С-қа дейін, күндіз -15-25°С тан -5+5°С-қа дейін.
ҚР оңтүстік жартысы мен оңтүстік-батысында түнде -10-28°С тан -5+5°С-қа дейін, күндіз -5-10°С тан +5+15°С-қа.
Айта кетейік, бір айға арналған болжамды консультациялық ретінде пайдалану керек, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндік пен 2-3 тәулікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады», - деп жазады ауа райы болжамына жауапты мамандар.