Бүгін телекоммуникациялық компания «Қазақтелеком» АҚ-ның құрылтайшылар жиыны өтуі керек болған. Алайда Қайрат Сатыбалды жиынға келмей қалғандықтан, жиналыс өтпей қалды деп хабарлайды nege.kz.
Қ.Сатыбалды – «Қазақтелекомның» 24 пайыз акциясына иелік ететін Skyline Investment Company S.A компаниясының жеке дара құрылтайшысы.
Бұған дейін экс-президенттің жиені Нұрәлі Әлиев келмей қалғандықтан «Транстелеком» АҚ құрылтайшыларының кезектен тыс жиыны да өтпей қалғаны хабарланған.