Президент өз қарсыластарын бірінші раундта "нокаутқа" жіберді - Сәпиев

Президент өз қарсыластарын бірінші раундта "нокаутқа" жіберді - Сәпиев
Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде Жеңімпаздар форумы өтті. Оған қайта сайланған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы. Форум барысында Н.Назарбаев сөз сөйлеп, дауыс берген барша халыққа өз алғысын білдірді. Осыдан кейін депутаттар, қоғам қайраткерері мен спортшылар өз тілектерін білдірді. Атап айтқанда, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы, боксшы Серік Сәпиев Президентті бірінші раундта жеңіске жеткен боксшыға теңеді. "Бүгін - жеңіс күні! Сайлау науқанының рингінде Сіз бірінші раундта-ақ өз қарсыластарыңызды "нокаутқа" жібердіңіз. Біз өз елімізді сүйеміз. Сол себепті мықты әрі табысты Қазақстан үшін дауыс бердік. Бізді жаңа жеңістерге жетелейтін көшбасшы үшін дауыс бердік. Біз Сізге дауыс бердік. Қазақстан, тек қана алға!", - деді С.Сәпиев. Ресми бөлімнен кейін "Сарыарқа" велотрегіне жиналған 8 мыңға жуық халық: "Нұрсұлтан! Қазақстан!", - деп ұрандады. Сосын Президентпен бірге "Атамекен" әнін шырқады. Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтеріне сәйкес, биылғы президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев дауыстың 97,7 пайызын жинап, жеңіске жетті.
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста