"Полиция алып кетуі мүмкін": көршілер шулағанда не істеу керек

Бір жылдың ішінде тәртіп бұзушылық қайталанса, айыппұлдың мөлшері екі есеге өседі. Сосын заңда бір ескерту бар. Оған сәйкес, шұғыл қажеттілігі бар жұмыстар үшін айыппұл салынбайды
Бүгінде жаңадан салынған тұрғын үйлердің басты проблемасы &ndash пәтерлер арасындағы қабырғаның жұқа болуы, дыбыс ап-анық естіледі. Бірақ қонақтары жиналғанда қалың қабырға да көмектеспейді. Содан адамның жүйкесі тозады, ұйқысы бұзылады, денсаулығы да нашарлайды. Ал ылғи шулайтын көршілер болса, шара қолданудан басқа амал жоқ. Sputnik Қазақстан осы мәселеге қатысты заңгерлер кеңесін жазып алды.

Заң не дейді
Бүгінде Әкімшілік кодексте тыныштықты бұзуға арналған бап бар. Сонда тыныштықты сақтаудың нақты уақыты жазылған. Жұмыс күндері &ndash 22:00-ден таңғы сағат 9:00-ге дейін, ал демалыс пен мереке күндері 23:00 мен 10:00-дің арасында шулауға тыйым салынған. Айыппұлдың көлемі де көрсетілген. Олар:

жеке тұлғаларға &ndash 5 АЕК (14 585 теңге);
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға &ndash 20 АЕК (58 340 теңге);
орта кәсіпкерлік субъектілеріне &ndash 30 АЕК (87 510 теңге);
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 100 АЕК (291 700 теңге).
Ал бір жылдың ішінде тәртіп бұзушылық қайталанса, айыппұлдың мөлшері екі есеге өседі. Сосын заңда бір ескерту бар. Оған сәйкес, шұғыл қажеттілігі бар жұмыстар үшін айыппұл салынбайды.

Дәлел керек пе
Сонымен, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабы бұзылса, полицияны немесе учаскелік инспекторды шақыруға болады. Заңгерлер алдымен шулап жатқан көршіге ауызша ескерту жасауға кеңес беріп отыр. Бұдан бөлек, көршілер чатында жазуға болады. Оған да көнбесе, шара қолдану қажет. 

Заңгер Данияр Байгабатовтың айтуынша, полиция қызметкері көршілерден жауап алып, тәртіп бұзған адамға айыппұл салуға міндетті. Сосын арыз түсірген пәтер иесінің шағымы бар. Осының негізінде әкімшілік іс қозғалады. 

"Әрине, тыныштықты бұзған адамдар да қарсы дәлел келтіріп, өздерін қорғай алады. Оған шектеу жоқ. Олар полиция келгенше тынышталса да, айыппұл салуға болады. Өйткені тәртіп бұзуға қатысты шағым түсті. Басқа көршілердің жауабы бар. Бір адам растай ма, екі адам растай ма, полиция айыппұл салуға міндетті", - дейді Байгабатов.
Оның сөзіне қарағанда, әкімшілік хаттаманы сол жерде рәсімдейді. Полиция бөлімшесіне алып кетуі де мүмкін. Мысалы, тәртіп бұзған адамның жеке куәлігі болмаса, оның жеке басын анықтау үшін полиция бөлімшесіне алып барады.

"Заңда нақты уақыт пен нақты талап жазылған. "Тыныштық" деген сөзді бәріміз білеміз. Түнгі сағат 22:00-ден кейін адамның тыныштығын бұзатын айқай-шу мен қатты дыбыстар болмауы керек", - дейді Байгабатов.

Күндіз шулаған көршілерді қандай шара қолдануға болады
Қазіргі заңнамада түнгі тыныштыққа қатысты нақты норма бар. Дегенмен, күндіз де қатты шулаған адамдарға айыппұл салуға болады. Себебі тиісті нормативтерде тұрғын үйлердің ішіндегі дыбыстық шектеулер белгіленген. Оның деңгейі күндіз 45-55 децибелден аспауы тиіс. Мәселен, көрші музыканы қатты қойса, оның дауысы 55 децибелден асып кетуі әбден мүмкін. Алайда полицейлер оны өлшей алмайды. Себебі арнайы құрал-жабдықтары жоқ. Заңгерлер санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын шақыруға кеңес беріп отыр. Өйткені дыбыстық шектеулерге қатысты гигиеналық норматив солардың құзіретіне жатады.

Санитарлар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы  - "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу" бойынша айыппұл сала алады. Оның мөлшері де әртүрлі.

жеке тұлғаларға &ndash 30 АЕК (87 510 теңге);
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға &ndash 230 АЕК (670 910 теңге);
орта кәсіпкерлік субъектілеріне &ndash 310 АЕК (904 270);
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне &ndash 1600 АЕК (4 667 200).
Ал осы әрекеттер адам денсаулығына зиян келсе, жеке тұлғаларға салынатын айыппұлдың көлемі 200 АЕК-ке (583 400 теңге) дейін барады. Сол сияқты лауазымды адамдар мен кәсіпкерлерге салынатын айыппұл екі есеге артады.

Күндіз ешқандай дәлел болмаса, қандай шара қолданылады
Заңгерлер тәртіп бұзушылықты видеоға басып алуға болады дейді. Оған қоса, дыбыстық өлшемдер жасалса, тіпті жақсы. Бірақ осы іспетті дәлелдер болмаған жағдайда полицейлер басқа баппен әкімшілік хаттама толтыра алады.  Ол &ndash Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы - "Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер".

Осы бапқа сәйкес, 5 АЕК (14 585 теңге) көлемінде айыппұл салынады, я болмаса, 10 тәулiкке дейiнгi әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған. Бір жылдың ішінде тәртіп бұзушылық қайталанса, айыппұлдың көлемі де, қамауға алу мерзімі де артады.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста