Полицейлер заңсыз ауланған 130 келіге тарта балық тәркіледі
Келес ауданы аумағында заңсыз балық аулау деректерін анықтау, алдын алу мақсатында Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы мен аудан полицейлері бірлесіп, рейдік-профилактикалық іс-шара өткізді.
Осындай кезекті тексеру кезінде полицейлер Сырдария өзенінің маңында балық аулауға арналған «қытай торлармен» заңсыз балық аулап отырған үш ер адамды анықтады.
Олар жергілікті тұрғындар болып шықты. Браконьерлерден айғақты зат ретінде 3 дана қытай торы, 1 дана мотор және 150-ге тарта балық тәркіленіп алынды. Балықтың салмағы 127 келі болатын сазан екені расталды.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі