Полицейлер жайылымнан бөтеннің жылқысын ұрлап сатқан күдіктілерді анықтады

Полицейлер жайылымнан бөтеннің жылқысын ұрлап сатқан күдіктілерді анықтады

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның жайылымда жайылып жүрген биесін белгісіз біреулер ұрлап, миллион теңге шығын келтірген. Аталған жайтты полицейлер бірден ҚК 188-1-бабы, яғни «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алып, іздестіру жұмыстарына кірісті. Полицейлер көрген-білгендерден жауап алып, жақын аумақтарды тыңғылықты қарап шықты. Мал базарлар мен мал тасымалдайтын автокөліктерді мұқият тексерді. Мал иесі мен полицейлердің жан-жақты іздестіру шараларының нәтижесінде, ұрланған жылқы жайлы ақпарат көздері анықталды. Сұрастыру барысында күдікті екі жас жігіттің жеке-басы белгілі болды. Олар көрші тұратын жергілікті тұрғындар болып шықты.
Тексеру барысында күдікті екі жас жігіт жылқының жайылымда қараусыз жүргенін пайдаланып, жүк көлік жалдап тиеп әкеткені анықталды. Содан олар жылқыны Қазығұрт ауданындағы мал базарға апарып, арзан бағаға сатып жіберген. Түскен ақшаны бөліп алып, бас пайдаларына жұмсаған.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері ауыл тұрғындарына қырағы болып, малдарын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

ТО ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста