Полицейлер мас халде көлік басқарып, тұрғындардың мүлкіне зиян келтірген жүргізушіні анықтады

Полицейлер мас халде көлік басқарып, тұрғындардың мүлкіне зиян келтірген жүргізушіні анықтады

Шардара аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, танысының үйіне барып тұрған сәтінде көлігінің алдыңғы бөлігін "ВАЗ 2107" соққанын хабарлады.

Оқиға орнына шұғыл шыққан полицейлер күдікті көлік жүргізушісі, жәбірленушінің жол жиегінде тұрған "Ауди 100" көлігін соға отырып, бөтен біреудің қоршауын бұзып, зақым келтіргенін анықтады. Сондай-ақ полицейлер «ВАЗ» автокөлігін басқарған жүргізушінің құжатын тексеру барысында, оның мас халде екенін білді. Тағайындалған зерттеу оның ішкенін, әрі есірткі тұтынғанын растады.

Тексеру кезінде тіпті күдікті ер адамның бұған дейін 2022 жылдың мамыр айында ішімдік ішіп, көлік тізгіндегені үшін Астана қаласы сотының шешімімен 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамалғаны белгілі болды.

Қазіргі таңда жаза арқалағанына қарамастан, қайта мас халде көлік басқарған жүргізушіге ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.

Түркістан облысының полицейлері мас күйінде рульге отырмауға кеңес беріп, мұның соңы орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін екенін қатаң ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста