Полицейлер аккумулятор ұрлаған күдікті ер адамды анықтады
Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, өзінің үйінің алдында тұрған "Ваз 2107" маркалы автокөліктің аккумуляторын ұрланғаны жөнінде хабарлаған. Аталған жайт ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркелді.
Полицейлер қылмыстың «ізін суытпай» ашу мақсатында қажетті іс-шараларды жүргізді. Жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орындары мұқият тексерілді. Жақын аймақтарды аралап шықты. Нәтижесінде тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде күдікті, Бәйдібек ауданының тұрғыны екенін анықтады.
Белгілі болғандай, жас жігіт таңғы уақытта көліктің бойынан өтіп бара жатып, аяқасты ойы өзгерген. Көлік ішінен аккумуляторды ұрлап, оқиға орнынан ізін суытқан. Полицейлер аталмыш аккумуляторды айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда күдікті осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатыстылығы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ТО ПД баспасөз-қызметі