Петропавлда балтамен шабуылдаған бала сыныптастарын бірнеше күн бұрын телефон арқылы қорқытқан

Петропавлда балтамен шабуылдаған бала сыныптастарын бірнеше күн бұрын телефон арқылы қорқытқан

Қазір бұл мектепте осындай тағы бірнеше бала оқып жатқан көрінеді.

Петропавлда мектепте балтамен шабуылдаған оқушы сыныптастарына бірнеше күн бұрын телефон арқылы қоқан-лоққы көрсеткен. Ата-аналар бұл туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың айтуынша, бала бірнеше күн бұрын бір оқушының үстіне қасақана шай төккен. Ал алдыңғы бейсенбіде сыныптастарына ақ масканың фотосын жіберіпті. Үш күннен кейін ол дәл сол масканы киіп, оқушыларға балтамен шабуыл жасаған.

Қазір бұл мектепте осындай тағы бірнеше бала оқып жатқан көрінеді. Сондықтан ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне алаңдап отыр. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

"Ол балаға ешкім тиіскен емес. Ол өз бетімен жүрді. Ал балаларға телефонмен түрлі нәрсені жібергенде жауапты тұлғалар сол кезден бастап оны жіті назарға алу керек еді. Ата-аналар ақыл есі өзге балаларды бөлек оқыту керек деп есептейді. Қазір біз балаларымызды мектепке жіберуге қорқып отырмыз", - деді Ата-ана Надежда Шушемоина.

Ал құзырлы орган және мектеп әкімшілігі бұл іске қатысты тергеу жүріп жатқандықтан, әзірше қандай да бір ақпарат бере алмайтынын айтқан.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста