"Өзімнің өмірімді жақсы жағына өзгертемін": Әкімдікке үміткердің видеосы желіні жарды (видео)
Желіде Ерейментау қаласының әкімі болуға үміткер Сапар Барлыбаевтың видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол қазақстандықтарға "өзінің өмірін жақсы жаққа өзгертемін" деп уәде берді. Әкімдер туралы бағдарламалардың бірінде сөзінен шатасқан ол халықтың күлкісіне қалған.
https://t.me/stankznews
"Егер біз бәріміз бірге дұрыс таңдау жасасақ, маған дауыс берсеңіздер, мен өз өмірімді жақсы жаққа өзгертуге тырысамын", - деді ол.
Әкімдікке үміткер, сөзінен жаңылысқанын жеткізді. Ол кез келген адам қателесіп кетуі мүмкін екенін айтады.
“Кез келген адам қателесуі мүмкін. Тіпті министрлер мен президенттер де сөзінен жаңылып қалып жатады. Біз БАҚ алдында сөйлеуге дағдыланбағанбыз. Мен қаланы көркейтіп, тұрғындардың өмірін жақсы жағына өзгертеміз деп айтқым келген. Сөйлемнің жалғасы болған. Мен бұған әзіл ретінде қараймын. Бастапқыда біртүрлі болдым, бірақ танымалдылығым артты. Мен ешқашан YouTube жұлдызы болмаын деп ойлаған емеспін”, – дейді Сапар Барлыбаев.
ңғыш рет еліміздің 14 облысының 176 ауданындағы (қаласындағы) 730 округ бойынша тікелей сайлау өтеді.