Шу өзенінің арнасы өзгеріп, Қырғызстан территориясының 20 гектардан аса жері Қазақстанға өтіп кетті. Бұл туралы Қырғызстан Шу облысының уәкілетті өкілі Мирбек Мияровтың Милянфан жергілікті басқаруына жоспарсыз сапары барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Turmush-қа сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, Ыссық Ата ауданының әкімі Руслан Тайгашкаев құрылым басшыларымен бірге уәкілетті өкілге сол жерде мәліметті айтып берген.
 
Сонда Милянфан айыл окмоту басшысының міндетін атқарушы Элзар Рысбеков айыл окмотуна тиесілі жердің 20-дас аса гектары өзен арнасы өзгеріп, Қазақстан тарапына өтіп кеткенін айтқан.
Содан кейін Мияров жағалауды бекітіп жатқан жеке кәсіпкер Нұржан Шайлообековтің жұмысымен танысқан. Ол бір гектардан аса жерді қырғызстандық тарапқа қайтарғанын мәлімдеген.
"Жыл сайын Қырғызстанның ТЖМ жағалауды бекіту жұмыстары жүргізіледі, бірақ су толып кеткен кезде өзен арнасы бәрібір өзгереді", - делінген хабарламада.