Маңғыстау облысында өзінің кәмелетке толмаған қызын зорлады деп айыпталған ер адам сотта ақталып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сотталушыға 2016-2021 жылдар аралығында "әдепсіз әрекеттер жасады және кәмелетке толмаған қызын бірнеше рет зорлады" деген айып тағылған. Ол кезде қыз 10 жаста болған.
Прокурор мен кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілі күдіктіні кінәлі деп танып, 25 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ олар күдіктіден моральдық шығын ретінде 30 миллион теңге өндіруді сұрады.
Қорғаушылар мен күдіктінің өзі іс бойынша кінәсі дәлелденбегенін айтып, соттан кінәсіз деп тануын сұраған.
"Сот отырысында сотталушының кінәсі расталмады. Кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілінің, сондай-ақ кәмелетке толмаған куәнің айғақтары іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, атап айтқанда сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен жоққа шығарылады. Ақталған азаматқа заңсыз қудалау салдарынан келтірілген зиянды өтеу құқығы түсіндірілді,” – делінген хабарламада.
Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқа да істі қарады, бірақ сот шешімі өзгеріссіз қалды.