«Өте қорқынышты»: Гүлнара Каримованың түрмеде жазған өлеңі жарияланды

«Өте қорқынышты»: Гүлнара Каримованың түрмеде жазған өлеңі жарияланды

Өзбекстанның қайтыс болған президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримова абақтыда жазған өлеңін жариялады. Бұл туралы оның қызы Иман Каримова Instagram-да жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Иманның айтуынша, ол бостандыққа шыққан тұтқындар арқылы анасынан хабар алған.

"Жақында КИН-21-ден шыққан өте батыл әйелдердің арқасында біз анамыз туралы, оның денсаулығы туралы ақпарат алдық. Онда осы өлең жолдарын жазыпты. Өкінішке қарай, бізде онымен байланыс жоқ: хаттарымыз берілмейді, адвокаттар кіргізілмейді, тіпті телефон қоңырауларына да рұқсат жоқ. Бұл өлең оның сезімі мен көңіл-күйін көрсетеді. Адамдар түрмелерде, әсіресе заң үстемдігі жоқ Өзбекстанда, не бастан кешіп жатқанын елестету және ойлау өте қорқынышты", - деп жазды ол.

Өзбекстанның экс-президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Ташкент маңындағы № 21 Зангиатин әйелдер колониясында жазасын өтеп жатыр. Ол ұрлық, салық төлеуден жалтару, бопсалау және заңсыз жолмен алынған қаражатты заңдастыру үшін кінәлі деп танылған. Наурызда Өзбекстанның Жоғарғы соты оны 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындаған болатын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста