Орыс орталығы: Аймағамбетов ай қарап отыр ма?

Орыс орталығы: Аймағамбетов ай қарап отыр ма?

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде «Орыс әлімі» қорының (төрағасы Дума депутаты Вячеслав Никонов) «Орыс орталығы» ашылды. Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне аталған университеттің ректоры әрі Алаш тарихын зертеп жүрген Нұрлан Дулатбеков қатысып, «Орыс орталығына» батасын берді, деп жазады arasha.kz порталы. 

«Қазақтың солтүстіктегі облыстарын Ресей сыйға тартқан» деген саясаткердің  қорының орталығын ашуға кім рұқсат берді?

«Орыс әлемі» қоры Ақтөбе мен Алматыдан кейін Қарағанды қаласында «Орыс орталығын» ашып отыр. Қордың басшысы еліміздің территориялық тұтастығына күмән келтірген Вячеслав Никонов деген аты шулы саясаткер. Міне осындай саясаткердің елімізде «Орыс орталығын» ашуға кім рұқсат берді? Ең әуелі әрине Сыртқы істер министрлігі еске түседі. Алайда ведмоствоның ресми өкілі Айбек Смадияров «Орыс орталығынан» ат-тонын ала қашып отыр.

«Бұл туралы естідім. Бірақ бұған байланысты Білім министрлігіне хабарласу керек. Өйткені университеттердің бүкіл жұмыстарын Білім министрлігі қадағалайды».

– Бірақ «Қазақтың жерін Ресей сыйға тартқан» деген адамның қорын ашуға Сыртқы істер министрлігі қалай рұқсат берді?

– Білім ошақтары мен жоғары оқу орындарының бүкіл жұмыстарын бәрі Білім министрлігіне бағынышты. Бізден олар рұқсат алмайды.

– Демек сіздер бұдан хабарсыз болдыңыздар ғой…

– Хабарсыз емес, жаңалықтардан оқып жатырмыз.

Айбек Смадияров Білім және ғылым министрлігіне сілтеген соң Асхат Аймағамбетовтың баспасөз хатшысы Мөлдір Абдуалиева хабарластық. Баспасөз хатшысы университет басшылығы министрліктен рұқсат сұрамағанын айтты. Сондай-ақ ол университеттің баспасөз хатшысы Мейрам Жұмабеков арнайы хабарласатынын жеткізді. Мейрам Жұмабековтың айтуынша, университетте «Орыс орталығы» емес, орыс тілі мен әдебиетінің кабинеті ашылған.

– Аталған орталық қазақтың жерінің тұтастығына күмән келтірген Вячеслав Никоновтың «Орыс әлемі» қорымен байланысы ғой…

– Жоқ, жоқ. Бізге келген адам Корощенко деген «Россотрудничество» дегеннің Қазақстандағы ресми өкілі болып саналады.

– Аталған жиында «Орыс әлемі» қорының таңбасы тұрды ғой…

– Оны білмейміз. Қазір «7 арна» келіп арнайы түсіріп жатыр. Бірақ та бізге «Орыс әлемі» қоры Чехов, Пушикн, Достоевский сынды авторлардың класикалық әдебиеттерін берді. Оқу процесіне керек кітаптарды сыйлық ретінде алдық.

– Қазақтың жерінің тұтастығына күмән келтірген саясаткердің кітаптарын сыйға алу – оның сөзімен келісу емес пе?

– Аталған кітаптарды «Россотрудничество» дегеннің өкілі Корощенко беріп отыр.

– Білім министрлігі «орталықтың ашылғанынан хабарымыз жоқ» деп жауапкершілікті сіздерге артып отыр? Министрліктен рұқсат сұраған жоқсыздар ма?

– Иә, министрлікке ескерткен жоқпыз. Жай ғана кабинет қой. Біздің жоғары оқу орнында қытай, түрік тіліндегі кабинеттер жұмыс істейді. Үндістан мен қытайдан келген студенттер орыс тілін үйрену үшін келеді. Соларға арналған кабинет ашылды.

– Сіздер бұған дейін «Орыс әлемі» қорының басшысы Вячеслав Никоновтың қазақтың жеріне қатысты пікірін білдіңіздер ме?

– Біздің «Орыс әлемі» қорымен байланысымыз жоқ, тек «Россотрудничество»-мен әріптестік орнатқанбыз.

– Сіздер «Орыс әлімі» қоры туралы ештеңе білген жоқпыз деп отырсыздар. Мәселен сіздер қазіргі биліктің жауы болып отырған Мұхтар Әблязов кітап жіберсе аласыздар ма?

– Енді… бізге… Бізге берген кітап көркем әдебиет болған соң алдық. Толстой, Пушин.

– Тап осындай көркем әдебиетті Әблязов жіберсе аласыздар ма?

– Бұл туралы айта алмаймын. Оны басшылар шешеді.

Басшылар демекші аталған универсиеттің ректоры Нұрлан Дулатбеков әлеуметтік желіде көлемді жазба қалдырыпты. Аталған жазбада ол кейбір басылымдарда «Орыс әлемі» орталығы ашылды деп қате, жаңсақ жазылғанын ескертті.

«Ия, бізде «Орыс тілі мен әдебиеті» кабинеті ашылды. Бұл ретте де шегініс жасауға тура келеді. Оқу орнының ұзақ мерзімді жұмыс жоспарына, 2017-2018 жылдарғы Ресей Федерациясымен жасалынған келісім-шартқа сәйкес, университетке Ресей тарабы қомақты кітаптар жиынтығын сыйға тартуға міндеттенген. Түрлі себептерге, өткен жылдарғы әлемді жайлаған індетке байланысты сол шара кешеуілдеп қалған екен. Орайы енді келді. Ұлы орыс ақыны А.С. Пушкиннің туған күніне орай, Пушкиннің, Лермонтовтың, Достоевскийдің шығармаларын, «Өнегелі адамдар өмірі» (ЖЗЛ) сериясымен шыққан кітаптар (бірнеше жыл бұрын қабылдаған келісімге сайкес) шоғырын қабыл алдық. Олар онсыз да бай кітапхана қорымыздың төрінен лайықты орын алды.

Түйіп айтқанда, біздің, педагогтардың басты мақсаты – болашақ мамандарға жан-жақты, сапалы білім беру. Бұл бағытта өзімізді әрдайым саясаттан тысқары ұстайтын боламыз, ол жағынан алаңдауға негіз жоқ», – деген екен ректор.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста