Өртенген "Адемнің" кикілжіңі

Бүгін «Адем» сауда үйінің кәсіпкерлері өрт сөндірушілер мен тергеушілердің қызметіне көңілі толмайтынын мәлімдеді. Олардың белсенділері Алматыда баспасөз маслихатын өткізіп, нысанның бейнебақылау жүйесі өрттен бүлінбегенін айғақтайтын бейнекөріністі көрсетті. Кәсіпкерлер тергеушілер мен өрт сөндірушілерді салғырттықта кінәлап отыр.

Тауары күлге айналған кәсіпкерлердің төзімі таусылған сияқты. 2 мыңнан астам кісінің 3 аптадан бері сауда-саттығы тұралағанымен, салық, банктегі несие құны күн санап шарықтауда. Олар бүгін баспасөз маслихатына бір кісідей жиналды. Ал топтың белсенділері «өрт сөндірушілерді отты жедел ауыздықтамады,»- деп отыр.

Назгүл ЖҮКЕЕВА, кәсіпкер:

- Өрт сөндірушілер теледидар мен БАҚ өкілдеріне 89 өрт сөндіретін техника деді, бар болғаны үш машина келді, суы жоқ. Олар тек ары-бері жүгіріп, қарап тұрды. Егер олар бейберкетсіз болмағанда өртті тоқтатуға болар еді.

Шығын көлемінің анықталмауы, тергеу ісінен бір хабардың болмауы да жапа шеккендерді әбден қажытқан. Олар тергеушілердің қолында төтенше оқиғаны бүге-шігесіне дейін көрсететін бейнежазбалар бар екенін айтады.

Сергей УТКИН, адвокат:

- Біз сауда орталықтың әкімшілігінен осы бейнежазбаны сұрадық, олар бізге тергеушілер алып кетті деп түк көрсетпеді. Осы арқылы бәрін анықтауға болар еді, үш апты өтті, бәрі жым-жырт.

Ал Ішкі істер департаментінің мәліметінше, өртенген сауда үйінен алынған бейнежазбалар, өзге де айғақ заттар сараптамаға жіберіліпті. Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 192 бабының 1-тармағы бойынша 20 тергеуші істің ақ-қарасын анықтауда. Арнайы құрылған тергеу тобының істің құпиясын жариялауға құқығы жоқ.

Салтанат ӘЗІРБЕК, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

- Бірінші кезекте екі күрделі сараптама тағайындалған, бұл өрт техникалық, сот құрылыс экономикалық сараптама. 1-2 күннің шаруасы емес, өрт ауқымды болғандықтан біраз уақытты талап етеді. Яғни, тергеуде өрттің пайда болу себебі, осы өртті болдырған мән-жәйлер және кінәлі адамдар анықталады.

Қазір Ішкі істер департаментіне алып сауда үйіндегі өрттен шығынға көміліп қалған 640 кәсіпкер шағым жазған. Жапа шеккендерге апатты жағдайда тұрғандықтан ғимаратқа кіруге тәртіп сақшылары рұқсат бермеген. Өртке қатысты жүргізілген сараптама қорытындылары 1 айдан кейін белгілі болады.

Жазира Бегалы

Алматы

tv7.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста