ОҚО әкімі көп балалы аналарға құрмет көрсетті

ОҚО әкімі көп балалы аналарға құрмет көрсетті

Оңтүстіктегі 63 мыңнан астам көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов 8 наурыз — халықаралық мерекемен ақ жаулықты аналар мен аяулы аруларды құттықтады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

- Мемлекет басшысы әйелдердің қоғамда алатын орнын бағамдап, «Әйел қуанышы – үйдің, отбасының, Отанның мерейі» деген болатын. Бүгінде нәзік жанды арулар қоғамның түрлі салаларында жемісті жұмыс жасауда, — деді өзінің құттықтау сөзінде Асқар Исабекұлы.

Қазақ әйелді отбасының ырысы, ұйытқысы деп ұғынған. Халқымыздың татулығын, ағайынның бірлігін, шаңырақтың берекесін ұстаушы да ана. Өмірге ұрпақ әкеліп, тіршілікке тірек болған қажыр-қайраттары үшін біз ардақты ана мен асыл жарға, аяулы нәзік жандарға әрдайым құрметпен қараймыз. Көктемнің жұпар иісі мен шуағын ала келген мереке баршаңызға бақыт сыйласын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

2014 жылғы статистикалық деректер бойынша облыста халық саны 2 млн. 780 мың адамды құраса, оның 1 млн. 400 мыңдайы әйелдер екен. Солардың ішінде мәдениет саласында еңбек ететіндердің жартысынан астамын, ұлағатты ұстаздардың — 75, ал медицина мамандарының 87 пайызын нәзік жандылар құрайды. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында да кәсіптің көзін тапқан арулар да жетерлік.

Сонымен қатар өңірде 152 358 көп балалы әйел болса, 30 046 ана — «Алтын алқа» иегері, 38 824 ана «Күміс алқа» алған. Ал 8 174 әйел бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» орденінің иегері атанып отыр. 75 314 ананың 4 жастан 18-ге дейінгі бала тәрбиелеп отыр.

Baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста