"Оны алдап соққан екен": Тоты Әмірова дипломының қалай жойылғанын айтып берді

Қазақстандық танымал ұшқыш және ААК төрағасының орынбасары Тоты Әмірова Facebook парақшасында дипломының жойылу тарихын, сондай-ақ бұйрыққа қол қойған адаммен сөйлескенін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

 

Тоты Әмірова бұйрыққа қол қойған адам өзінен кешірім сұрағанын және оны басқалар алдап соққанын айтып ақталғанын жазған.

"Менен кешірім сұрады. Бұйрыққа заңгер Паленов пен бұрынғы ректор Байжұманов қол қоюға мәжбүрлеп, оны алдап соққандарын айтты", - деп жазды Тоты Әмірова.

Сондай-ақ ұшқыш әйео дипломының күшін жоюы бірқатар жағдайлардан кейін болғанын жеткізді.

"Апатты жағдай салдарынан курсант пен инструктор қаза болды. Сондықтан академия жанынан құрылған жеке меншік ЖШС-нің жұмысын тоқтатуға мәжбүр болдым. Сол уақытта проректорлардың бірі менің дипломымның күшін жою туралы қағаздарға қол қойғандығын білдім", - дейді ол.

Танымал ұшқыш сотқа жүгінер-жүгінбесін білмей отыр. Себебі қағаздарға қол қойған адам 70 жастағы қария екен.

Сондай-ақ Тоты сол адаммен телефон арқылы сөйлескен әңгімесін жариялады.

Тоты Әмірова бұл іс жақын арада шешіледі деп үміттенеді.

Еске сала кетсек, азаматтық авиция түлектері жұмыссыз жүргендері үшін Тоты Әмірованы айыптағанын жазғанбыз.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста