Оңтүстік Африка республикасында 22 адам түнгі клубта құпия жағдайда мерт болды
Оңтүстік Африка республикасының үкіметі жарты миллион тұрғыны бар Ист-Лондондағы түнгі клубтардың бірінде белгісіз жағдайда мерт болған 22 азаматтың өлім себебін анықтамақшы. Олардың денесінен зорлық-зомбылық белгісі анықталмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мерт болғандардың барлығы 18-20 жас аралығында, арасында 15 жастағылар да бар.
Қазіргі уақытта марқұмдардың денесі мәйітханаға жеткізілген, ал үкімет олардың жеке тұлғасын мен өлім себебін анықтамақшы.
Бастапқыда полицейлерде жастар сығылысу кезінде көз жұмуы мүмкін деген күдік болған, алайда денелерінде мұның ізі болмағандықтан, сарапшылар бұл нұсқаны жоққа шығарған. Қазір жастар жаппай уланудан мерт болуы мүмкін деген болжам бар. Токсикологиялық сараптамадан кейін нақты неден ажал құшқандары белгілі болады.
Қайғылы оқиға болар түні Ист-Лондондағы клуб лық толы болған, себебі жоғарғы сынып оқушылары оқу жылының аяқталуын атап өткен. Көз жұмғандар алкогольдік ішімдікті шамадан тыс көп ішуі мүмкін.
"Адамдар арасында ішімдікті еркін саудалап, жастар мұнымен түрлі тәжірибе жасамайды деп ойлауға болмайды", – деді Оңтүстік Африка республикасы Шығыс Кап провинциясы үкіметінң басшысы Оскар Мабуйяне.
Мемлекет президенті Сирил Рамафоса марқұмдардың отбасына көңіл айтып, 18 жасқа толмаған жастардың түнгі клубта жүргеніне өкінетінін жеткізді.