Нұрсұлтан Назарбаев: Әскери атом «апиыны» әлі де қайсыбір саясаткерлер мен әскерилерді елітіп жүр

Нұрсұлтан Назарбаев: Әскери атом «апиыны» әлі де  қайсыбір саясаткерлер мен әскерилерді елітіп жүр

Бір кездері жаһан үшін қатерлі ядролық сынақтар алаңы болған қазақ даласы қазіргі таңда қарусызданудың әлем мойындаған орталығына айналды. Осыдан дәл 21 жыл бұрын қолда бар қуатты қарудан ерікті түрде бас тартып, дүйім дүниеге үлгі-қадам жасаған Қазақстанның қайырлы ісіне бейбіт ниеттілердің баршасы тәнті болды. Дегенмен адамзатты ядролық қару қатерінен құтқару әлі де барынша өзекті. Ендеше елорда төрінде өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан - ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық конференцияны әлемді құтқару бастамаларының одан арғы жалғасына баласа да болады.
Әлбетте, 29 тамыз – Тәуелсіз Қазақстанның та­рихында ғана емес, адамзат тарихындағы ал­тын әріппен жазылатын дата. 1991 жылғы та­мыз­дың 29-ында Қазақстан Президенті Н. На­зарбаевтың Жарлығымен тұңғыш рет әлемдегі аса ірі ядролық полигон жабылды. Кейіннен ос­ы­нау тарихи дата БҰҰ-ның бекітуімен Ядро­лық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халық­ара­лық күні ретінде бекітілді. Қазақ халқының сая­си ерік-жігерін мойындаған халықаралық қа­уымдастық та дәл осы күнге ерекше сеніммен қа­райтын тәрізді. Алмағайып заманда қа­русыздануға ұмтылыстың тың қадамын да дәл осы күннен күтетін секілді. Бұл сөзімізге ядролық қа­русыздану немесе оны таратпау жайындағы жа­һан жиындарында міндетті түрде Қазақ­станның, оның көшбасшысы Н. Назарбаевтың есімі аталатыны дәлел. Астанадағы алқалы жиын да – соның жалғасы. 70-тен астам мем­ле­кет­тен парламентшілер, Үкімет мүшелері, белді ха­лық­аралық ұйымдар мен қоғамдық бір­лес­тіктердің өкілдері, танымал саясаткерлер мен ғалымдар қатысты. Ал алқалы жиынды ашу ба­рысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Астана конференциясын «Сеулде өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі екінші жаһандық саммитте талқыланған маңызды міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі Қазақстанның жаңа қа­дамы» ретінде атады.
Ядролық қарудан бас тарту Тәуелсіздіктің шешуші қадамы
Сөз басында Президент Қазақстан бас­тамасымен БҰҰ бекіткен Ядролық сы­нақ­тарға қарсы іс-қимылдың халықаралық кү­ніне тоқтала отырып, осынау маңызды қа­дамға қатысты үш сәтті ерекше бөле-жа­ра атады. «Біріншіден, Қазақстан үшін бұл түпкілікті егемендік пен Тәуелсіздікке жа­саған шешуші қадам болды. Қазақстан хал­қы үшін ядролық қару мен радиация соншалықты түсініксіз теория емес. Бұл – 40 жылдан астам уақыт бойы біздің Жер ана­мызды тітіркенткен қатал да қай­таланбас зұлмат. Ел аумағында«бейбіт сы­нақ» аталып келген 500-ге тарта атмосфе­ра­лық, жерүсті және жерасты әскери сынақ­тар жасалды. Бұл ядролық қару пай­да бол­ғалы бергі әлемде жасалған сынақ­тардың тең жарымына тең», – деді Нұр­сұлтан На­зар­баев.
Президент ядролық радиацияның да­ланы, өзен-көлдерді улап, айналадағы бар­ша тіршілікті біртіндеп жойғанын, зұл­мат сынақ аймағында тұрып жатқан 1,5 миллионнан астам қазақстандықтың тағ­ды­рын жарымжан етіп, денсаулықта­рына зиянын ти­гізгенін, оның зардабы әлі күнге сезіліп ке­летінін еске салды. Дәл осы тұста Нұр­сұлтан Әбішұлының сөзін одан әрі сабақтап тарата түссек. Полигонның жұ­мыс істеген 1949-1989 жылдары ара­лы­ғында осы ай­мақ­қа жалпы саны 468 яд­ро­лық жары­лыс өткізілген. Олардың 125-і атмосфералық (26-сы жерүсті, 91-і ауа­да, 8-і биіктіктегі) жа­рылыс болса, 343-і жерасты (215-і көл­денең қазбалы, 128-і ұң­ғылы) сынақтар. Яғ­ни, мәліметке сал­сақ, бір кездегі «қызыл им­перия» жасаған бар­лық ядролық сы­нақтың үштен екі бөлігі қазақ даласында жа­салды. Осындай сан­дық көрсеткіштердің өзі кез келгеннің жа­ғасын ұстатары сөзсіз. Со­лай бола тұрса да, кезінде «бейбіт жа­рылыстар» деп айдар та­ғылған қазақ да­ла­сының қасіретті зар­дап­тарына қара­ған­да, әлем жұрты жапон трагедиясы туралы әл­деқайда көп хабардар болушы еді. Ауыз­ға да соны бірінші алатын кездері жиі бола­тын. «Екіншіден, 29 тамыз күні  – бүкіл Орта­лық Азия аумағы үшін Ядролық қару­дан азат аймақ ретіндегі мәртебені иелену про­цесіндегі қайта есептеу нүктесіне айналды. Қа­зақстан кеңестік «әскери машинадан» мұ­раға қалған әлемдегі 4-ші қуатты са­налатын ядролық әлеуеттен бас тартты», – деді Мемлекет басшысы. Пре­зи­денттің ай­туынша, сол тұста Қазақстан ие­лігінде Жер шарының кез-келген нүк­тесіне жете ала­тын 110-нан астам бал­лис­тикалық зы­мыран, 1 мың 200-ге тарта ядро­лық оқ­тұмсықтар бар еді. Осыны ес­кер­гендер сол кезде де, қазір де осыншама қуат­тан бас тартудағы еліміздің ерлікке тең қада­мына мойындаулар айтып жатады. «Алай­да Қазақстанның ядролық қарудан бас тар­туын басқа факторлармен, ондай зор ар­сеналды ұстап тұру мүмкіндігімен бай­ла­ныс­тырып жататындар да баршылық.  Ес­ке сала кетейін, Қазақстан уран қоры жа­ғынан әлемде екінші, оны өндіруден бі­рін­ші орында тұр. Еліміздің экономикалық әле­уеті ЖІӨ жағынан  «табалдырықта» тұр­ған бірқатар елдермен тең, кейбірін басып оза­тынын, ал Солтүстік Кореядан 7 есеге ар­тық екенін, КСРО ыдырағаннан соң, біз­дің елімізде әскери-ядролық бағдар­ла­маны жүзеге асыру үшін қажетті мамандар, қа­жетті инфрақұрылымдар, жеткізу құрал­да­ры, қашықтықтан бомбалау құралдары болғанын еске салғым келеді. Сондықтан да, 20 жыл бұрын Қазақстан секілді жаңа ядролық державаның пайда болуы тек саяси ерік-жігер мен уақыттың мәселесі ғана болатын. Біз саяси ерік-жігерімізді бас­қаша  көрсеттік, сөзге келместен яд­ро­лық клубқа мүшеліктен қағидатты түрде бас тарттық», – деді Президент.

Бұдан әрі Мемлекет басшысы Cемей по­лигоны жабылғаннан бастап ядролық қа­руды таратпау мен қарусызданудағы жа­һандық үдерістің жаңа кезеңі бастау алға­нына назар аударды. «1991 жылғы 29 та­мызға дейін ядролық қауіпсіздік се­риялары негізінен шектеу шаралары ре­тінде қабылданып келді. Қазақстан тұңғыш рет «махшар күні» қаруын сынауға, же­тіл­діру үшін зерттеуге толық, бұлтарыссыз ты­йым салатын акт жасады. 16 жыл бұрын БҰҰ шешімімен Жаппай ядролық сы­нақ­тарға тыйым салу туралы келісім жасалды. Қа­зақстан оған ең біріншілердің қатарында қол қойды», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Ел­басы қозғаған әлгі келісімге бүгінгі күні 183 ел қосылып, 157 мемлекет рати­фи­ка­циялаған. Семей  полигоны жабылған соң пла­нетадағы басқа да сынақ алаңдарының Невада, Жаңа Жер, Лобнор мен Муруроа сы­нақтарының «үні» өше бастады. Алайда бұл қауіптің беті қайтқанын, адамзат ядро­лық қарусыз өркениетті таңдағанын біл­діре ме? Жоқ. Олай емес екені өкінішті.
Бұл ретте Президент Ұлыбританияның «Атом­шы-ғалымдар (атомшылар) бюлле­тені» журналы 65 жыл бойы жаһандық яд­ро­лық қауіпсіздіктің деңгейін «махшар күнінің» символикалық сағатымен өлшеп келетініне ерекше тоқталған болатын. «Биылғы жылдың басында әлгі сағаттың тілі планетада орын алуы мүмкін ядролық апат мерзіміне қарай бір минөтке алға жылжытылыпты. Бұндай бағалау немен байланысты? Мамандардың Сеулдегі Жаһандық саммитке қатысушылардың назарын осы саладағы проблемаларға аударғысы келгені сөзсіз. Шынымен де, біз бүгінгі күні жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайту үдерісі серпінінің тежелуін бай­қай­мыз. Бұл тіпті осы тақырыпты қамтитын саммиттердің жиілегеніне қарамастан орын алып отыр», – деді Елбасы.
Өз сөзінде Мемлекет басшысы жаһан­дық ядролық қауіпсіздік жүйесін қалыптас­ты­­руды тежеп отырған басты бес мәселеге тоқ­талды. «Біріншіден, ядролық қаруды та­ратпау режимінің әмбебаптығына әлі қол жеткізілген емес. Екіншіден, екі жыл бұ­­рын АҚШ пен Ресей арасында стратегия­лық қа­ру-жарақты қысқарту процесін жаң­­­­ғыртатын келісімге қол қойылды. Алай­­да бұл «ядро­лық клубқа» ресми мүше басқа елдер үшін үлгі бола алмады. Үшін­ші­ден, әлі күнге ядро­лық сынақтарды жал­пы­лама ты­йым салу туралы келісім күшіне ене алмай отыр». Қа­зақстан тарапы баста­ма­шылық тізгінін қолға ұстап келген осы Ке­лісімнің күшіне енбеуіне бірқатар ке­дергілер бар­шылық. Ал ол үшін Пре­зидент айт­пақшы, «табалдырықтағы» бір­не­ше ел­дің келісімі ғана жетіспейді. Төр­тінші мә­селе, ұлттық ядролық энергетика бағ­дар­ламаларының дамуына ғаламдық бақылау мә­селелерінің рет­телмеуі. Бесін­ші­ден, өткен жылғы Фукусима АЭС-ты апат бүкіл әлем үшін бейбіт атом ны­сан­да­рын­дағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету техно­ло­гия­ларының артта қалу пробле­маларын паш етті. «Алайда аталғанның бар­лығы се­беп­тен гөрі салдарға саяды. Ал проблема өзегі тым тереңде. Ядролық қауіп­сіздіктің қазіргі жағ­дайына өткен дә­уір­лерден мұраға қалып келген заманауи әлемдік саясаттағы ақаулар қатты әсер етіп отыр. Әскери атом «апиыны» әлі де болса  қайсыбір саясат­кер­лер мен әскерилерді елітіп жүр. Жа­һан­да ғаламдық көпполярлы әлемді әлі де тар ауқымда, ең алдымен ядролық күштердің жиынтығы ретінде қа­рас­тыратын күштер баршылық», – деді Пре­зидент.
Ядролық қарусыз әлем – бұл ядролық энергетиканы әскери пайдалануға толық тыйым салу
Президент алға тартқан деректерге сү­йенсек, 2030 жылға қарай әлемдік эко­номиканың энергияға деген қажеттілігі екі есеге артады. Қазірдің өзінде  ғаламшарда 2 миллиардқа жуық адам мүлдем электр энергиясына қол жеткізе алмай отырған кө­рінеді. Сондықтан да, қазір ғана емес келешекте де көптеген елдер үшін кедей­шілік, жұмыссыздық пен азық-түлік жет­кіліксіздігі проблемаларын шешу бейбіт атом энергетикасы жобаларын жүзеге асы­румен тұтас байланысты болмақ. «Яғни бұл бағыттағы қадамдар міндетті түрде  БҰҰ мен МАГАТЭ-нің қатаң қадағалауында болуы тиіс. Ядролық қарусыз әлем – бұл ядролық энергетиканы әскери пайдалануға толық тыйым салу. Менің Ядролық қарусыз әлем­нің жалпылама декларациясын да­йындау және қабылдау туралы ұсы­ны­сымның мәні де – осында. Мен осы идея­ның жақтаушысымын және сол бағытта қала беремін», – деді Н. Назарбаев.
Жиын барысында Мемлекет бас­шы­сы  Астана экономикалық форумында көте­рілген G-GLOBAL қағидатында жаңа әлемдік құрылысты қалыптастыру туралы бастамасын тағы да тереңдетті. Президент бұл ретте G-GLOBAL бойынша бес қағидат ұсы­нып, осының негізінде жаһандық ядро­лық қауіпсіздік саласында ілкі қадам жа­сау­ға болатынына сенім білдірді. «Бірін­шіден, БҰҰ қамқорлығымен әзірленіп, қа­былданатын барлық ядролық қаруы бар мем­лекеттердің қатысуымен стратегиялық қарулануды қысқартудың жалпылама са­тылы жоспары қажет. Ол үшін бірінші ке­зек­те ядролық қару сынақтарына тыйым салу жөніндегі келісімнің күшіне енуіне қол жеткізу маңызды. Әлемдік қоғамдастық ядролық қару клубының барлық мүшелері атомдық әскери арсеналдарын қысқарту бойынша міндеттерді қабылдауына қол жет­­кізуге құқылы. Мәселен, оны жаң­ғыр­ту­дан бас тарту және ескірген ядролық за­рядтарды қару қатарынан шығару тәжі­ри­бесін атап өтуге болады»,  – деді Мемлекет басшысы. Бұл ретте Елбасы аталған ша­ра­лар АҚШ пен Ресей секілді екі алдыңғы қа­тарлы ядролық державаның қару­сыз­дану үдерісімен қатар жүруі тиістігін жет­кізді. Елбасы ескерген екінші мәселе  – өңір­лік ядролық қарусыз аймақтардың барлық қа­тысушыларына қауіпсіздіктің ха­лық­ара­лық кепілі. Бұл ретте әскери яд­ро­лық бағ­дар­ламадан қағидатты түрде бас тартушы мем­лекеттерді ынталандыру тетіктері әзір­ле­нуі керек.  «Жалпы, ядролық қарусыздану жә­не ядролық қарусыз әлем­ді осы про­цес­­ке қатысушылардың барлы­ғының өзара сенімділік тетігінсіз елестету мүмкін емес. Се­нім­ділік қағидаты – бұл әс­кери тұжы­рымдамаға саналы балама бо­ла алады. Ядролық қару – адамзат үшін өзін-өзі өлті­ру­мен бірдей. Ал өз-өзіне қол салуды Жа­рату­­шының жазғанына қарсы шығу ретін­де әлемнің барлық діндері айып­тайды. Ал әскери ядролық қуатты ие­ле­нуге ұмтылуды – абсолютты күпірлік са­науға болады. Яд­ро­лық қарусыз әлем – бұл біздің ортақ мақ­сатымыз әрі адамзат осыған ұмтылуы ке­рек. Тек бірлесе әрекет­тен­генде ғана біз өз әлемімізді қауіпсіз әрі жақ­сы ете ала­мыз», – дей келе Президент осы мақ­сат­тағы Қазақстанның халық­ара­лық «АТОМ» жо­басын іске қосатынын жа­рия етті. Атал­ған аббревиатура ағылшын ті­ліндегі  «Эбо­лиш Тестинг. Ауэ Мишн» (Abolish Testing. Our Mission) сөздерінің бі­рінші әріпте­рі­нен құрылған. Яғни «Біздің Мис­сиямыз Сы­нақтарды Болдырмау» де­генді білді­ре­ді. Қазақстан бастама жасаған жа­һандық жобаға әлемнің түкпір-түк­пі­рін­дегі кез-кел­ген адам қатыса алады. Жер ша­рының кез келген тұрғыны әлем үкімет­терін ядро­лық қарудан мәңгілікке бас тартуға және яд­ролық сынақтарға жаппай тыйым салу  шар­тының тезірек күшіне енгізілуіне шақы­ра­тын онлайн петицияға қол қоя алады. «Мен конференцияға қа­ты­сушыларды жә­не әлемдегі еркін адам­дар­дың барлы­ғын АТОМ жобасын қол­дауға және әлем құры­лы­мын ядролық қа­русыздандыруды біздің маңызды мақ­сатымызға айналдыруға шақы­рамын», – деді Н.Назарбаев.
Бұдан бөлек, Президент тоқталған тағы бір мәселе – жаһандық транспаренттілік. Мем­­лекет басшысының атап өтуінше,  таяу­­да Қазақ елінің транспаренттік негізде 210 тонна өңделген ядролық отынды қа­уіп­сіз сақ­тауға тасымалдау жобасын жүзеге асыр­ды. Қазақстандық реакторларды тө­мен ба­йы­тылған отынға алмастыру жұ­мыс­­тарының ашық­тығы да жалғасуда. МА­ГАТЭ-мен бір­лесіп, табиғи уранды есеп­­ке алу, бақылау жә­не қорғаудың біре­гей автомат­тан­ды­рылған жүйесі құрылуда. «Қа­зақ­стан­ның МАГАТЭ-ге біздің елімізде Ха­­лықаралық ядролық отын банкін орна­лас­тыру туралы өтінімін жүзеге асыру бо­йынша жұмыстар тәжірибеде іске қо­сыл­ды. Міне, осы мысалдардың барлығы да яд­ролық қарудан мәңгілікке бас тартқан біздің еліміз үшін сөзсіз тиімді. Сонымен қатар, бұл басқа да мемлекеттерге үлгі»,  – деді ҚР Президенті. Сондай-ақ Н.Назар­баев БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның бұ­ры­нғы Семей полигоны  аумағында бол­ған­­дығын айта келе: «Мен оған Қа­­зақ­­станның антиядролық саясаты мен бас­­­тамаларына қолдау білдіріп, жоғары баға­­лағаны үшін алғысымды білдіремін. Қа­­­зақстан өзінің антиядролық тәжі­ри­бе­сі­мен бүкіл әлемге ядролық қарусыздану жә­­­не таратпау мәселесіндегі баршаға ашық­­­тығын мәлім етті», – деді.

Пікірлер
Нұрлан ҚАПАРОВ, Қоршаған ортаны қорғау министрі:
– Біз ядролық қарудан бас тартып, Семей полигонын жап­тық. Бірақ онымен экологиялық проблема жабылды деп айту­ға болмайды. Қазақстан әлі күнге дейін ядролық сынақтардың зардабын тартып келеді. Қазіргі кезде біз сонымен айналысып жатырмыз. Семей полигоны болған жерді рекультивациядан өткізіп, ауыл шаруашылығына беру – біздің басты мақсатымыз. Біз үшін бұл – маңызды міндеттердің бірі.

Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының негізін қалаушы, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі:
– Меніңше, бұл – үлкен маңызы бар конференция. Себебі оған әлемнің түкпір-түкпірінен парламентарийлер жиналып отыр. Олар алғаш рет осындай делегациямен Астанаға келіп, ядролық қарусыздандыру проблемасын кеңінен талқылауға мүмкіндік алды. Сөз жоқ, бұдан біз өзге елдердің антиядролық қозғалыстың көшбасшысына айналған Қазақстанға деген құрметін байқай аламыз. Енді, олар өз елдеріне барып, осы жерде айтылған мәселелерді ұлттық деңгейде көтеретін болады. «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге таралады» деуші ме еді. Оның ішінде Қазақстанның бастамалары да көрініс табатыны хақ.

Әділ АХМЕТОВ, Сенат депутаты:
– Шынын айту керек, осыдан 20 жыл бұрын біздің Президентіміздің пәрменімен Семей ядролық сынақ алаңы жабылмағанда, Америкадағы Невада полигоны, мына көрші тұрған Қытайдың Лобнор ядролық сынақ алаңы да жабылмас еді. Қазақстаннан кейін Франция мен Ұлыбритания жеріндегі полигондар бірінен соң бірі өз жұмысын тоқтатты. Сондықтан Семей полигонын жабу әлемнің ядролық қарусыздандыру саласына үлкен үлес қосты. Сол кезде егілген дән бүгінде үлкен бәйтерекке айналды, бір мәуелі бәйтерекке айналды деуге болады. Сосын мына бір жәйтке назар аударайықшы, Вашингтон мен Сеулде өткен екі саммитте де Нұрсұлтан На­зар­баев бірінші болып сөз сөйледі. Кореяда болған жиында – оң жақта алпауыт Қытайдың президенті, сол жақта - ядролық қаруы бар АҚШ-тың басшысы, ал ортасында бейбіт атомды тұғыр еткен Қазақстанның Президенті отырды. Саясат сах­на­сында жайдан-жай ештеңе болмайды. Бұл – Қазақстанның абыройы, еліміздің әлемдік қауіпсіздікке сіңірген ерен еңбегі.

Қуаныш СҰЛТАНОВ, Мәжіліс депутаты:
– Семей полигонын жабу бастамасы Қазақстанға ғана емес, бүкіл жер-жаһанға қажет болды. Оның халықаралық қозғалысқа айналғаны да содан. Тарихқа үңіліп қарасақ, II Дүниежүзілік соғыстан кейін алпауыт мемлекеттер жаппай қырып-жоятын қару-жарақ жасауға талпынып кетті ғой. Олар сол бағыттан әлі күнге дейін таймай келеді. Өткен ғасырда болған қырғи-қабақ соғыс тағы бар. Ол да тоқтады. Бірақ адамдардың санасындағы содан қалған «инерция» тоқтамай жатыр. Адамзат қарусыз да өмір сүруге болады дегенді түсінуі тиіс. Ол үшін осы іспетті конференцияларды жиі өткізіп, негізгі идеяларды сол арқылы тарату қажет.

Эни ФАЛЕОМАВАЕГА, АҚШ Конгресінің өкілі:
– Әлем бойынша төртінші орында тұрған Семей ядролық полигонын жауып, Қазақстан айрықша батылдық танытты. Осы орайда ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси күш-жігерін ерекше атап өткен жөн. Білуімізше, сол үшін Қа­зақстан халқы Елбасын бейбітшілік саласындағы Нобель сый­лығын ұсыну бастамасын көтерді. Алайда осы уақытқа дейін Нобель комитеті бұл сыйлықты тек ядролық полигондарға инспекция жасаған, я болмаса, осы салада ынтымақтастық ор­нат­қандарға  берген. Ядролық қару-жарақты саяси тұрғыда жой­ғаны үшін ондай награда әлі бірде-бір адамға таға­йын­далмаған. Сондықтан мен Қазақстан халқының бастамасына қо­сылып, Нобель комитетін Нұрсұлтан Назарбаевты осы атақпен марапаттауға шақырамын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста