"Қазгидромет" мекемесі мамандары табиғаттың сирек кездесетін мұндай құбылысын тіркеді. 27 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын мөлшері 39 милиметрді көрсеткен. Ал айлық норма 37 милиметрді құрайтын, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Мекеме мамандары осы кезге дейін жексенбі күні жауын-шашынды болатындығын хабарлаған болатын.
"Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +8 +10, күндіз +18 +20 градус болады. Жел секундына 20 метрге дейін күшеюі ықтимал", – делінген хабарламада.
Дегенмен, ауа райын болжау орталығының мамандары 27 маусым күні ел астанасында айлық жауын-шашын мөлшерінен асып түскенін мәлімдеді. Нәтижесінде, Нұр-Сұлтан қаласының кейбір көшелерін су басып, түрлі видеолар әлеуметтік желілерде жариялана бастады.
"27 маусым күні тәулік бойы жауған жаңбыр 39 милимтерді құрап, айлық мұлшер артығымен орындалды. 1–28 маусым аралығында астананадағы жауын-шашын жиілігі 96 милимтерді құрады. Ал қалыпты норма 37 милиметр болатын", – деп атап көрсетіледі хабарламада.
Мамандардың түсіндіруінше, аймақтағы ыстық ауа райының жауын-шашынсыз күрт салқындап, оның соңы жаңбырға ұласуымен байланысты көрінеді.