Нұр-Сұлтан тұрғыны полицейге тонаушыны ұстауға көмектесті

Нұр-Сұлтан тұрғыны полицейге тонаушыны ұстауға көмектесті

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны полицейге тонаушыны ұстауға көмектесті. Күндіз Ғабдулин көшесінде ер адам 61 жастағы әйелдің әмиянын тартып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Оқиғаға куә болған 37 жастағы елорда тұрғыны Қанағат Хасенов жәбірленушінің тоналғанын бірден түсініп, қарақшыға қарай жүгірген.

"Әйелдің көмек сұраған айқайын естідім. Артқа бұрылып қарасам, Отырар көшесіне қарай жүгіріп бара жатқан адамды көрсетіп тұр екен. Бірден соңынан жүгірдім", - деді Қанағат.

Ол күдіктіні қуып жетіп, оны жерге құлатқан. Алайда ол қарсылық көрсеткен.

Осы уақытта "Байқоңыр" ауданының учаскелік полиция инспекторы Руслан Әбілқайыров өзінің әкімшілік учаскесін аралап жүрген. Көшедегі төбелес оның назарын аударады. Осылайша полиция қызметкері жанжалға араласып, соңында күдіктіні ұстады.


Қазір күдікті Нұр-Сұлтан полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында күдікті жәбірленушіні бақылап, кейін әйелдің айырбастау пунктінде ақша ауыстырғанын көргені анықталды.

Сондай-ақ 31 жастағы ер адамның бұрын сотталғаны белгілі болды.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста